Архив событий

29/09/2016

Спорттық дода жеңімпаздары марапатталды

29/09/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының финалдық додасына қатысып, Қызылорда облысы соттарының командасында белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсеткен судьяларды марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздегі судьялар арасындағы сыйластықпен қатар достықтың одан әрі жандана түсуіне үлесін тигізетін спорттық додада Қызылорда облысы соттарының командасында белсенділік танытқан бірқатар судьялар облыстық сот пен ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының және облыс әкімінің марапаттарын иеленді.

Семинар сабағы өткізілді

29/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының заңдарын түсіндіру мақсатында семинар өтті.

Семинар барысында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова және жетекші маман Қ.Шакиев сөз сөйледі.

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламаларды жан-жақты талқылау өтті

29/09/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатовтың және сот судьяларының, қызметкерлердің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламаларды жан-жақты талқылау өтті. Талқылаудың мақсаты: азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мен шағымдардың басты себептеріне тоқталып, көрсетілген кемшіліктерді қайталамау.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңды нұсқамаларын орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

29/09/2016

Қармақшы аудандық сотында азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бала-бақшаға тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, балабақша басшысы Қ. нұсқаманы орындамағаны анықталды. 

Сот қаулысымен азаматша Қ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, бір айға қызметін тоқтатып, 15  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифиниг өткізілді

29/09/2016

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен айыпталған  Б. қаралған қылмыстық ісіне тоқталып өтті.

«Еңбек күніне» орай студенттермен кездесу өткізілді

29/09/2016

«Еңбек күніне» орай Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттерімен  кездесу  өткізді.

Кездесуде судья С.Утегенова Мемлекет басшысының 22 қараша 2013 жылғы қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі енгізілгенін.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

29/09/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 3 қазанында, сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласқан

29/09/2016

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Г. жеке айыптау тәртібімен күйеуі Н-ды ҚР ҚК-нің 108-бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни өзіне қол жұмсап, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Қызылорда қалалық сотында «Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру туралы істерді қарау ерекшіліктері» тақырыбында талқылау өтті

29/09/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуында «Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру туралы істерді қарау ерекшіліктері» тақырыбында талқылау өтті.

Салық міндеттемелері – салық заңнамаларымен реттелген салық төлеушінің мемлекет алдындағы міндеттері болып табылады, оған сәйкес салық төлеушілер бюджет пайдасына салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Жеке меншігінде салық салу объектісі болып табылатын мүлкі бар азаматтар салықты мерзімінде төлеп отырулары қажет.

Сырдария ауданында семинар-тренинг өтті

29/09/2016

Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Тұрғындардың құқықтық білімін және мәдинетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке судья Ж.Жолдасов, прокурор А.Тәженов, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының мамандары, аудандық әкімдігі жанындағы бөлімдерінің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сот әкімшілік айыппұл тағайындады

29/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азамат Ж. лоундж-барында администратор болып жұмыс  жасап  жүріп, кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық  мекемесінде болуына  жол  бергені анықталды.