Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық № 2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық №2  сотының судьясы Б.Жаңабаев  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға келген Қызылорда облысы, Арал қаласы, Сексеуіл кентінің тұрғыны азамат А келіп, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Атап айтқанда, азаматша А.  баласы  Е-нің заңды өкіл болып танылғанын,  26.08.2016 жылы 2 (екі) айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен санкцияланғанын, қаулыны кеш алғанын, қаулымен келіспейтінін, шағымдануға мерзім өткенін немесе өтпегенін  білмей отырғанын айтып көрсетті.

Қабылдауда болған А.Жангазиеваға заң нормаларын  түсіндіріп, сауалдарына жауап  берді.              

Қайнар: 
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі