Пробация қызметінің ұсынысы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты Қармақшы аудандық пробация қызметінің сотталушы Ш-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ш. 29.05.2015 жылы Қармақшы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған және осы уақытқа пробациялық бақылау белгіленіп, тұрақты мекен-жайын ауыстырмауға, бақылау жасайтын органға ескертусіз кетуге, 22.00-ден 06.00-ге дейін ойын-сауық орындарында болмауға міндеттенген.

Қармақшы аудандық пробациялық қызметі бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу шарттарын, құқықтары мен міндеттерін сотталушыға түсіндіру профилактикалық іс-шарасын жүргізген. Алайда, сотталушы Ш. оң қорытынды шығармай, жазасын өтеу шартын бұзған.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, шектеу жазасының өтелмеген бөлігін жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі