Шиелі аудандық сотында «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Шиелі аудандық сотында «Еңбек еткеннің –мерейі  үстем» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

«Еңбек күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге аудандық сотының  төрағасы, судьялары,  сот  жүйесінің  ардагері  Т.Баймағабет, кәсіби  емес медиатор А.Батырбаев,  аудандық прокуратура өкілі, адвокаттар, кеңсе  мамандары  және  БАҚ  өкілдері   қатысты.

Аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков ҚР Президентінің 2013 жылдың 22 қарашасындағы № 698  жарлығына сәйкес Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек  күні болып белгіленгенін және жаңа Еңбек кодексінің  ерекшеліктерін  атап  өтті.

Дөңгелек үстел барысында ардагер  судья  Т.Баймағанбет  судьялық  тәжірибесімен және естеліктерімен  бөлісіп, қызметтің ауыртпашылықтары мен жауапкершілігі туралы әңгімелеп  берді  және осы  іс-шараны  өткізгені  үшін   аудындық  сот  төрағасына  өз  алғысын   білдірді.

Дөңгелек  үстел  соңында  төраға  М.Еркінбеков  судьялар  мен  қатысушыларға   қызметтерінде  мінсіз  қызмет  атқаруға  тілектестігін білдірді.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі