Қызылорда қаласының №2 сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында «ҚР соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова ашып, сөз кезегін бас маман сот отырысының хатшысы Ж.Қасымоваға берді.

Іс-шараны өткізу барысында бас маман - сот отырысының хатшысы  Ж.Қасымова баяндамасында бейнеконференциялық  байланыс - екі немесе одан да  көп қашықтықтағы абоненттердің интерактивтік өзара іс-қимыл жасауына арналған, олар арасында нақты уақыт ауқымында басқарушы деректерді ескере отырып, аудио-бейне ақпаратпен алмасу мүмкін болатын телекоммуникациялық технология.

Бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолдану арқылы жүргізілген сот процестері туралы ақпаратты ( соттың атауы, сот  отырысы залының нөмері, сот отырысының күні мен уақыты көрсетілген, бейнеконференциялық байланыс жүйесінің жұмысқа қабілеттігі туралы ақпаратты) сот отырысының  хатшысы Қазақстан Республикасы сот органдарының  «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне орналастыратынын  атап көрсетті.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі