Полиция қызметкерлеріне пара алғандары үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың 21-қыркүйегінде сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмысты жасаған сотталушылар У. мен С-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар У. мен С. Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инпекторы болып қызмет атқарып жүріп,мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, 2016 жылдың маусым айының 02-күні арызданушы Н-ға қарсы 30.05.2016 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жойып, жүргізуші куәлігін қайтарып беру үшін, яғни өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін, пара берушінің пайдасына жасайтын заңсыз әрекеттері үшін Н-нан адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен айтарлықтай мөлшерде 150 000 теңге пара алған.

Сот отырысында сотталушылар өз әрекеттерін мойындамағанымен, оларға тағылған айып, куәлардың жауаптарымен және іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Сот үкімімен сотталушылар  У. мен С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, жеке мүліктері тәркіленіп, құқық қорғау органдарда қызмет атқару құқынан өмір бойына  айыра отырып, 9(тоғыз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын түзеу колониясының «жалпы» режимінде өтеуге белгіленді.Сотталушы У. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органының полиция аға лейтенат шенінен, ал, сотталушы С. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органының полиция капитан шенінен айырылды.

Үкім аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жарияланған соң, сот төрағасының міндетін атқарушы Қ.Темірбаев жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының өкілінің қатысуымен брифинг өткізіп, жоғарыдағы іс бойынша ақпарат беріп, телеарна өкілінің қойған сауалдарына жауаптар берді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі