Байқоңыр қалалық сотында «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Жаңа еңбек кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы М.Тұрғанбаев және сот мамандары,  сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысты.

Қалалық сот төрағасы М.Тұрғанбаев дөңгелек үстелді аша отырып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа  жаңа Еңбек Кодексі  еңгізілгенін. Жаңа кодекс Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға және еңбек қатынастары жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын. Кодекске сәйкес, жұмыс берушінің құқығы көбейіп, мемлекеттің еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі біршама азайғанын. Қуантарлығы кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдер, мүмкіндігі шектеулі жаңдар және жоғары орындарын, техникумдарды тәмамдаған жас түлектер үшін сынақ мерзімі алынып тасталғанын. Жұмысшылардың құқығын қорғау мәселені де өзгерістер еңгізілгенін. Ендегі ретте олардың құқығын бірінші кезекте кәсіподақ ұйымдары қорғайтын болатындығын айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында жаңа Еңбек кодексін қолдану бойынша тәжірбиелік ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексіндегі еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі өзгерістермен танысты.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі