Архив событий

01/08/2016

Сот құқық бұзушыға айыппұл салды

01/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп таныды.

Құқық бұзушы К. ойын-сауық мекемесінің ішінде сағат 00:08 шамасында кәмелетке толмаған А-ны заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген, сөйтіп Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы жазаға тартылды

01/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты әкімшілік іс бойынша қаулы шығарды.

Құқық бұзушы С. бұрын кәмелетке толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартылған бола тұра, бір жыл мерзімде кәмелетке толмаған ұлы Ж-ны сағат 23:54 минут шамасында Қызылорда қаласы орталық алаңында заңды өкілінсіз еріп жүруіне жол берген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

01/08/2016

Шиелі  аудандық  сотында  Қазақстан  Республикасының ӘҚБтК-нің  73-бабының 1-бөлігімен  Ж-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Сотта, құқық бұзушы  Ж-ның  2016 жылдың 20 маусымы күні түнгі сағат 22-30 шамасында өз үйінде жұбайына  сыйламаушылық  көрсетіп, балағат  сөздермен  тіл  тигізіп,  тыныштығын  бұзғаны  анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты  әкімшілік істі қысқартуды  сұрады.

Банктік заем шарты бойынша несие қарызы өндірілді

01/08/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы «К» АҚ-ның жауапкерлер А. және Ж.-дан біріккен түрде банктік заем шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «К» АҚ талап арызында банк және заем алушылар А. және Ж. арасында жасалған банктік заем шарты бойынша, оларға 2 100 000 теңге көлемінде несие сомасы берілген. Алайда, жауапкерлердің банк алдындағы міндеттемелерін бұза отырып, белгіленген мерзімде несие қарыздарын төлемегендерін көрсеткен.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

01/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы К. үйінде өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі әйелімен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамаған

01/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азаматша А-ның әкімшілік ісін қарады.

Құқық бұзушы жеке тұлға А. Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамай, 2 шөлмек сыраны сағат 23:00-ден кейін азамат Ж-ға сатқан.

Құқық бұзушы А.  ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған салынатын 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21 210 теңге 30 пайызға қысқартылып, 14 847  теңге айыппұл салынды. 

Қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілердің тыныштығын бұзған

01/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азаматша С-ның әкімшілік ісін қарады.

Құқық бұзушы С. Қызылорда қаласы, Абай даңғылында орналсақан сауда үйі жанында азаматша А-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілердің тыныштығын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қаралған ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  21 210  теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

01/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азаматша К-ның әкімшілік ісін қарады.

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесінде орналасқан  дүкенінде 1-шыны арақты аз. Қ-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiнгі аралықта сатып алушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

01/08/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков өз өндірісінде  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, 24.06.2016 жылы автокөлігін «орта» дәрежеде алкогольдік масаң күйінде басқарып, теріс қылық жасаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сұлтанбеков Аңсат  журналист қойған сұрақтарына жауап берді.

Аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдануын оқып -үйрену сабағы өтті

01/08/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында  кеңсе қызметкерлері  арасында 2016 жылдың шілде айының 13 жұлдызында «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін  аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдануын, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейне жазбаға қол жеткізу» Қағидаларын   оқып- үйрену  сабағы өткізілді.

Бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

01/08/2016

Қазалы аудандық сотында аудандық пробация қызметінің ұсынысы бойынша сотталған Қ-ны бас бостандығынан шектеу жазасынан нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды сұраған ісі қаралды.

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

01/08/2016

«Медиация күні» республикалық акциясы аясында 5 тамыз күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Достық» үйінде «Ашық есік күні» өтетінін хабарлаймыз. Өздеріңізде түйіткілді мәселелеріңіз болса бөлісулеріңізге және тегін заң кеңесін алуға шақырамыз.

Медиация дау-дамайлардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, сотқа жүгінген тараптардың материалдық шығынының азаюына ықпал етеді.