Архив событий

16/08/2016

Қызылорда қаласының әкімшілік сотында отбасы-тұрмыстық дау медиация тәртібімен келісілді

16/08/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер).

«Ашық есік күні» өткізілді

16/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. «Ашық есік» күніне келген азаматтарды судья Қ.М.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға қала тұрғыны О. қатысып, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Атап  айтқанда, шараға қатысушы кәмелетке толмаған сотталушы, сотталып кеткен жағдайда, қылмыспен келтірген шығынын орнын толтыру жайлы сауалдар қойды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

16/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Т. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ҚР Жол жүрісі қағидасының 2.4.2,13.11 тармақтарының талаптарын сақтамай, алкогольдік масаң күйде, автокөлік басқарғаны анықталды.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

16/08/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов ағымдағы жылдың басынан осы күнге дейінгі мерзімде судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өткізді.

Талқылау барысында сот төрағасы осы мерзімде апелляциялық сот алқасымен бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Қараусыз қалдырылып, сырттай шешім қабылданып қаралған және өндірісі тоқтатылып тұрған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Судья БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өткізді

16/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында БАҚ өкілдеріне судья Қ.Бержанов жылдың басынан бері атқарылған жұмыс жайлы баяндады.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жылдың басынан  17 қылмыстық іс, 334 талап арыз, 11 азаматтық іс және 178 әкімшілік істері түскен.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

16/08/2016

Қызылорда  облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотына талап қоюшы «Т» ЖШС-нің жауапкер «Ц» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талапкер өкілі талап арызды толығымен қолдайтынын, электрондық конкурс тәсілі негізінде мемлекеттік сатып алу өтіп, нәтижесінде «Ц» ЖК-і жеңімпаз болып танылған. 2016 жылдың 10 ақпанына дейін тауарды жеткізу жөнінде екіжақты келісім шарт жасалған, алайда, жауапкер өз міндеттемесін толық орындамай келісім шарт талаптарын бұзғаны анықталды.

Азамат қаруды заңсыз сақтап алып жүрген

16/08/2016

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.     

Әкімшілік іс құжаттары бойынша Қармақшы ауданында азамат Т. өзімен ішкі істер органдарында тіркелмеген, 12-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз иеленіп алып жүріп, тасымалдаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қаруы тәркілене отырып, 29 694  теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

16/08/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді. Брифингке судья Т.Тілеп және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілідері қатысты.

Төрағалық етуші  судья Т.Тілеп өз өндірісіндегі қаралған  қылмыстық ісі жөнінде баяндады.

Сотталушы З.  бөтен мүлікті теріс пайдалануы жолымен бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттер жасаумен аса ірі мөлшерде алдап алып, алаяқтық жасаған. Яғни, қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге жалпы 1 025 000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.

Алимент мөлшері төмендетілді

16/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық ісін қанағаттандырды.