Архив событий

31/08/2016

Медиатор тараптарды татуластырды

31/08/2016

Жанақорған аудандық сотында ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалды сотталушы толықтай өтегенін және өздері медиатордың қатысуымен татуласқандарын баяндап, қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуды сұраған.

Қылмыстық іс тараптардың медиатордың қатысуымен татуласқандарына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

31/08/2016

Талапкер «Р» ЖШС-гі жауапкер «А» ЖШС-нен берешек 2 831 455 теңгені, 250 000 теңге өкіл шығынын және 84 944 теңге төленген мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Тараптар «A» ЖШС-і мен «Р» ЖШС-і арасында  2013 жылы № 105 және 2014 жылы № 36 тауарларды  сатып алу-сату келісім шарттары жасалған.

Келісім шарттың 2 тармағына сәйкес, талапкер жауапкерге тауарлар (қосымша құралдар) сатады, ал жауапкер сатып алынған тауарлардың құнын төлейді.

Сот актісін орындамаған

31/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Қызылорда қалалық сотының 24.09.2010 жылғы сот бұйрығымен борышкер Н-дан өндіріп алушы А-ның пайдасына алимент берешегі жинақталып, сот бұйрығын орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

 

Жаңақорған аудадық сотының ұжымы «Мектепке жол» атты акцияға қатысты

31/08/2016

«Мектепке жол» атты акция барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы А.Бекботаевтың бастамасымен, аудандық сот ұжымының қолдауымен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына көмек көрсету мақсатында Жаңақорған  кентінің тұрғындары, аз қамтылған отбасының мүшелері, кенттің 4-сынып оқушылары Е.Калкөзов пен А.Бекмұхамедоваға мектепке қажетті сөмкелермен және оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етті.

Аса ірі мөлшердегі есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

31/08/2016

Арал аудандық соты сотталушы С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, «Қызылорда-Арал» бағытына қатынайтын автобусының жолаушысы С-ның қара түсті жол сөмкесінен аса ірі мөлшердегі есірткі заты салынған полиэтилен пакеті табылған, яғни ол салмағы 1211,73 грамм болатын аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Қазақстан Республикасында болу талаптарын бұзған

31/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Ш. Қазақстан Республикасына жеке мақсатта келіп, алайда пайда табу мақсатында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген жерінен полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны анықталды.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

31/08/2016

Жаңақорған аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы М.  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ҚР Жол жүрісі қағидасының 2.4.2,13.11 тармақтарының талаптарын сақтамай, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

31/08/2016

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. өз басқаруындағы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот қаулысымен азамат С. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Үш сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды

31/08/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қылмыстық топпен атыс қаруын пайдаланылып жасалған бұзақылық), 28-бабының 3-бөлігімен (қылмыстық топты ұйымдастырушы), 99-бабының 2-бөлігінің 6,7,9-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, бұзақылық ниетпен, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату), 24-бабының 3-бөлігімен (қылмысқа оқталу)

Сырдария аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

31/08/2016

Сырдария аудандық сотында «Мерзімінен бұрын босатуды қолдануға байланысты мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, пробация қызметінің бөлімінің басшысы У.Төлендіұлы және қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Байқоңыр қаласының тұрғыны көлік салығы үшін 1 083 987 теңге берешек болған

31/08/2016

Байқоңыр қалалық соты «Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Байқоңыр қаласының тұрғынына қатысты  көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.

Сотпен анықталғанындай, азамат К.-нің атына автокөлік тіркелген. Азамат К. 2016 жылға дейінгі көлік салығы үшін 1 083 987 теңге берешек болған.

Сот 1 083 987 теңге көлеміндегі салық бойынша борышты және мемлекет пайдасына мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығарды.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

31/08/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев брифингте сотталушы Б. бөтеннің  мүлкін сенімді теріс пайдалану және алаяқтық жолымен «жұмысқа тұрғызып беремін деп» бірнеше жәбірленушілерден барлығы  1 700 000 теңге  көлемінде ақшаларын алдап алғандығы туралы айтып өтті.