Архив событий

03/08/2016

Сот әкімшілік істі қысқартты

03/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік істі қысқартты.

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясы азаматша  Г.  өзінің  туған  ұлы кәмелет жасына толмаған Ш.-ға қасақана сабақтан  қалуға  жол  берген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  деп  хаттама толтырып, әкімшлік жауапкершілігін қарауға сотқа ұсынған.

Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

03/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушыға айыппұл салды.

Сотта, құқық бұзушы Ж. дүкеннің сатушысы болып жұмыс жасап  жүріп, кәмелетке толмаған Н.-ға 1 дана қорап темекі сатқан.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өз кінәсін толық мойындап, кәмелетке  толмаған Н.-ға  темекі  сатканы  рас  екенін, Н.-ның түріне  қарап  үлкен  азамат  деп  ойлап  қалғанын, істеген іс әрекетіне өкінетінін, ендігіде  қайталамайтынын көрсетті.

Оқуға бармаған үшін айыппұл салынды

03/08/2016

Қызылорда  облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен кінәлі деп танылған ата-анаға айыппұл салды.

Құқық бұзушы У. өзінің баласы Е-ні колледжіне оқуға бармай  қалуына жол беріп, оған қатысты оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған.

Құқық бұзушы У. өз жауабында  баласының  колледждегі  сабақтан  қалғаны  рас  екенін, қазіргі уақытта  сабаққа  барып  жүргенін, кінәсін мойындайтынын,  жеңіл  жаза  беруді  сұрайтынын  көрсетті.

Отбасы мүшелеріне сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

03/08/2016

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Н., алкогольдік масаң күйде, өз үйінде жеңгесіне балағат сөздер айтып, сыйламаушылық  көрсеткен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Телефон қызметін пайдаланып, ақысын төлеуден жалтарған

03/08/2016

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ы Қызылорда филиалының жауапкер К-дан байланыс қызметін пайдаланғаны үшін қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жауапкер К. байланыс қызметін пайдаланғаны үшін  «Қазақтелеком» АҚ-на 13 268 теңге қарыз болып, осы соманы төлеуден жалтарып жүрген.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талап қоюшы тарапынан хабарламалар жолданған. Алайда, жауапкер қарыз сомасын төлемеген.

Сот шешімімен еріксіз емделуге жіберілді

03/08/2016

Сотта арызданушы «Жалағаш аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің азамат С.-ны еріксіз емдеу мекемесіне мәжбүрлеп жіберуді сұраған ұсынысы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында емделуші С-ның Жалағаш аудандық емханасының наркология кабинетінде 2007 жылдан бастап «Алкогольді қолдануға байланысты психикасы мен мінез-құлқы ауытқулары» диагнозымен есепте тұратындығы, науқас әрдайым алкогольді ішімдік ішетіндігі,  емделуден бас тартып жүргені, жанұясының мазасын алатыны, бірнеше рет құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген

03/08/2016

Сырдария  аудандық сотында Қазақстан Республикасының азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                                     

Құқық бұзушы Н. қоғамдық орында, алкогольдік масаң күйде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған, сөйтіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде, қайтадан ұсақ бұзақылық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Қарыз сомасы өндірілді

03/08/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «К» АҚ-ның жауапкер П-дан қарыз өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта, талап қоюшы «К» АҚ-ы сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда жауапкер П-дан банктік қарыз шарты бойынша 1 316 103 теңге қарызын және 39 483 теңге баж шығындарын өндіруді сұраған.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюшы «К» АҚ-ның пайдасына, жауапкер П-дан банктік заем шарты бойынша қарызды және төленген баж алымын өндіру жайлы талап арызын қанағаттандырды.

Пікір білдіріңіздер!

03/08/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа тағылымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар  назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

Аты-жөні