Архив событий

02/08/2016

Сот әкімшілік айыппұл тағайындады

02/08/2016

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат А. көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы автокөлігімен ҚР «Жол жүрісі» Қағидасының 10-бөлімінің 1-тармағының талаптарын сақтамай, азамат С-ның басқаруындағы автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде материалдық залал келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат А., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29 694 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

02/08/2016

Қармақшы аудандық сотымен азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ж. өзінің басқаруындағы автокөлікпен Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының (ЖЖҚ) 9.9 тармағының талаптарын бұзып, жол көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде екі адам  аудандық ауруханада қайтыс болғаны анықталды.         

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдергені үшін жазаланды

02/08/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А. Қызылорда қаласында орналасқан жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жағында темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін ұсақ бұзақылық  әрекет жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен, азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21 210 теңге  айыппұл салынды.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

02/08/2016

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың 29 шілде күні аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья Қ.Мыханов ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған азамат С-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Сот қаулысымен азамат С., ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29 694 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

02/08/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Н-мен араларындағы некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А., өз талап арызында, жауапкер Н-мен заңды некеде тұрғанын, алайда, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Сотта, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Медиация рәсімі

02/08/2016

Сырдария аудандық сотында медиация рәсімін насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Абдулла баяндамасында медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу екенін атап көрсетті.

Қызылорда қалалық сотында істерді мерзімінде жолдау мақсатында атқарылатын іс-шаралар бекітілді

02/08/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова судьялардың қатысуымен семинар өткізді, шарада азаматтық істерді апелляциялық сатыға мерзімінде жолдау бойынша талдау талқыланып, осы бағыттағы жұмыс сапасын жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар бекітілді.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

02/08/2016

 Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотында талап қоюшы «А» ЖШС-нің жауапкер «Ө» ЖК-ін  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талапкер өкілі талап арызды толығымен қуаттайтындығын, электрондық конкурс тәсілі негізінде мемлекеттік сатып алу өткенін, нәтижесінде «Ө» ЖК-і жеңімпаз болып танылғанын, 2012 жылдың 10 қарашасына дейін тауарды жеткізу жөнінде келісім шарт жасалғанын, алайда, жауапкер тауарды уақытында жеткізбей, келісім шарт талаптарын бұзған.

Сот 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады

02/08/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат К-ға қатысты әкімішілік іс қарады.

Сотта, азамат К. Қызылорда станциясы темір жол вокзал алаңында, алкогольді масаң күйде, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен, азамат К. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 21 210   теңге айыппұл салынды.