Архив событий

19/08/2016

Сот бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады

19/08/2016

Арал аудандық сотында азаматша С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. «Самара-Шымкент» тас жолына жақын орналасқан кафе жанында, жәбірленуші У-дың ұялы телефонымен сөйлесіп тұрғанын көріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында, оны себепсізден-себепсіз ұрып-соғып, құны 8000 теңге тұратын ұялы телефонын ашықтан-ашық тартып алған.

Тараптар медиативтік келісімге келді

19/08/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат М. алькогольдік масаң күйде жәбірленуші Г-ге себепсіз тиісіп балағаттап, басынан ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіріп, әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан бұзақылық жасаған.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Сот алаяқтық жасағаны үшін жаза тағайындады

19/08/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сотталушы Ж. жәбірленуші К-ны ауыл шаруашылығы қолдау ұйымынан 9 000 000 теңге соммадағы ақшаны 1 ай уақыт көлемінде алып беремін деп, ол үшін 595 000 теңге ақшаны құжаттар дайындайтын адамға беріп қоятына сендіріп, аталған ақшаны алған. Осыдан кейін, қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жүзеге асыру мақсатында К-ден 20 000 сұраған, яғни жалпы құны 615 000 теңге шығын келтірген.

Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының талаптарын сақтамаған

19/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы А. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесімен басқарып келіп, көше қиылысында, солға қарай бұрылу барысында Қазыбек би көшесі бойымен қарама-қарсы бағыттан тіке қозғалыс жасап келе жатқан «Wanda» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысып, нәтижесінде автокөлікке мүліктік залал және азамат А-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтiрген.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл тағайындалды

19/08/2016

Сырдария  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы А. Тереңөзек кенті, Жамбыл көшесінің бойына коммуналдық қалдықтарды, яғни  қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынын ластағаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы А. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс қысқартылды

19/08/2016

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. алкогольдік масаң күйде, өз үйінде анасына балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдіргені үшін оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Процестік келісім бойынша жаза тағайындалды

19/08/2016

Қазалы аудандық сотында сотталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, сотталушы О. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, «С» дүкенінің ішінде азаматша Б-ға тиесілі ұялы телефон, флеш карта және сим карталарымен бірге жасырын жымқырып, жәбірленуші Б-ға 11 000 теңге тұратын мүліктік зиян келтіргені анықталды.

Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары

19/08/2016

Сырдария аудандық сотында «Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудандық ІІБ-ның орынбасары С.Сыздық, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев және қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Борышты өндіріп алу туралы

19/08/2016

 «К» мекемесі Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Б» ЖШС-нен борышты өндіріп алу туралы талап қоюымен жүгінген. Ол өз талаптарын жауап беруші шартқа сәйкес тұтынушы болып табылатынын, алайда шарттың талаптарын бұза отырып аударым төлемдерін жүргізбегенін дәлелдеген.

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

19/08/2016

Жаңақорған аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының көші-қон полициясының органында тұрғылықты мекен-жайымен тіркеліп, өзі нақты Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұрған.

Ортақ үлестегі мүлікті бөлу туралы талап-арыз ішінара қанағаттандырылды

19/08/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Б-дан  бірлескен ортақ мүліктегі үлесті бөлу және оның құнын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында, талап қоюшы А., талап арызында жауапкер Б-мен араларында   бірлескен ортақ мүлкі - үйін 2 000 000 теңгеге және тоңазытқышты 65 000 теңгеге бағалап, өзіне тиесілі бөлігін бөліп өндіруді сұраған.

Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

19/08/2016

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотта, азамат Ш.-ның көрсетуі бойынша, полиция қызметкерлерінің үйін қарап-тексеру барысында, сарай ішіндегі қорап астынан салмағы 13,75 грамм болатын есірткі зат кептірілген марихуана табылғаны анықталды. Яғни есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.