Архив событий

29/08/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміздің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

29/08/2016

Конституция күніне орай Байқоңыр қалалық сотында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – Тәеулсіздігіміздің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот актілерінің орындалуы жөнінде семинар-кеңес өткізілді

29/08/2016

Арал аудандық сотында «Пробация қызметімен сот актілерінің орындалуы, сот үкімдерінің орындалу сапасы»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Арал аудандық сотының судьялары мен мамандары, пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – пробация қызметіне жолданған сот үкімдердің орындалуының маңыздылығын талқылау болып табылады. 

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстелі өтті

29/08/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 24 тамыз 2016 жылы «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратуранының өкілі, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері және аудандық акиматтының өкілі   қатысты.

Сотта дөнгелек үстел өткізілді

29/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  дөнгелек үстел өтті.

Шараға судья Қ.М.Бержанов, Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ж.Абсат, жеке сот орындаушылар басшысы Н.Саимов, прокуратура өкілдері және жеке сот орындаушылар қатысты.

Судья Қ.Бержанов өз сөзінде Сот актілерін орындау департаментіне орындауға жолданған электронды атқару парақтары бойынша туындаған мәселелер жайлы айтып өтті.

Ата Заңым - айбыным» тақырыбында брифинг өтті

29/08/2016

Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Бекботаев «Ата Заңым - айбыным» тақырыбында  БАҚ өкілінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Брифинг барысыңда, судья Тәуелсіз еліміздің алғашқы Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, ал қазіргі қызмет етуші Конституцияны бүкілхалықтық референдумда қабылданғанын атап өтті, егеменді еліміздің алғашқы және қазіргі қызмет етуші Конституциясының айырмашылықтарын баяндады. Сонымен қатар, Конституциядағы соттар қызметіне байланысты қамтылған нормаларға енгізілген өзгерістер туралы айтты. 

Егемендіктің нышаны

29/08/2016

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық республикалық референдуммен еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын басты құжат Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, қолданысқа енгізілді. Биыл  мемлекетіміздің құқықтық-демократиялық даму жолында өркендеуінің бірден-бір ұйытқысы болған Конституциямызға 21 жыл толады.     

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

29/08/2016

Бүгін Қызылорда  қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе  қызметкерлері  арасында  «Мемлекеттік  қызметтен жағымсыз  себептермен  босатылған  адамдарды  арнайы  есепке  алу ісін  жүргізу  және пайдалану Ережесін  бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы  Бас  прокурорының 25.05.2016 жылғы № 106 бұйрығы бойынша семинар сабағы  өткізілді.

Қызылорда облыстық сотында Конституция күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті

29/08/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында еліміздің ең маңызды мерекесі -  Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Қызылорда қаласында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары және сот қызметкерлері қатысып, арнайы сот саласына елеулі еңбегі сіңген ардагерлер шақырылды.

Мерекелік  жиын мемлекеттік әнұранмен басталды.