Байқоңыр қалалық сотында «Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміздің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конституция күніне орай Байқоңыр қалалық сотында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – Тәеулсіздігіміздің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында, сот төрағасының м.а. Е.Шевцова дөңгелек үстелге қатысушыларға құттықтау сөзін айтып, өз баяндамасында Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі өмір бойғы басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы орны бөлек. Биыл ел болып жиырма бір жылдығын атап өтіп отырған біздің Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде екендігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі