Архив событий

08/08/2016

Сот көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

08/08/2016

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Ж-ның тас жолының бойында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде автокөлік жүргізгені анықталды.

Сот құқық бұзушы Ж-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

 

Банктік заем шарты бойынша несие қарызы өндірілді

08/08/2016

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы «Е» АҚ-ның жауапкерлер  Т.-дан банктік заем шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы талап арызында банк және заем алушы Т. арасында жасалған банктік заем шарты бойынша, 139 356 теңге көлемінде несие сомасы берілген. Алайда, жауапкердің банк алдындағы міндеттемелерін бұза отырып, белгіленген мерзімде несие қарыздарын төлемегендігін көрсеткен.

Алимент өндіру ісі медиация тәртібімен тоқтатылды

08/08/2016

Қазалы аудандық сотында борышкер Ғ-дан алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Өндіріп алушы Г., сотқа арыз беріп, онда ол борышкер Ғ-мен заңды некеде тұратынын, осы некеден араларында балалары бар екенін, борышкер жұмыс жасайтынын, ол балаларына өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін, араларында алимент төлеу жөнінде келісім жоқ екенін борышкер Ғ-дан балаларына алимент өндіріп беруді сұрайтынын көрсеткен.           

Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату

08/08/2016

Қармақшы аудандық сотында жеке кәсіпкер Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, жеке кәсіпкер Е. лицензиясыз 20 шыны алкоголь өнімдерін, соның ішінде 0,5 литрлік сыраны Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде сақтап, сатқаны анықталды.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 53 025 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Ашық есік күні» өткізіледі

08/08/2016

2016 жылдың тамыз айының 11 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

«Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану арқылы дауларды реттеу, оны әрі қарай қоғамда кеңінен қолданудың әдістері мен шаралары

08/08/2016

Төретам кенті мәдениет үйінде Байқоңыр қалалық сотының және Қазақстан Ассамблеясының Байқоңыр қаласы бойынша өкілдігінің бірлесуімен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын кеңінен қолдану мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

08/08/2016

Азамат М. сотқа жауапкер Т-мен жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Сот отырысында тараптар өзара келісімге келіп, талапкер жауапкермен табысуына байланысты өз талабынан бас тартты, атап айтқанда, жауапкер көлікті қалпына келтіру шығындарын толығымен мойнынан алып, талапкер талабынан бас тартты.

Тараптар соттан медиация тәртібімен бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Талап арыз қанағаттандырылудан бас тартылды

08/08/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «О» ММ-нің жауапкер «Р» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Қармақшы аудандық сотында «Көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған» тақырыбында брифинг өткізілді

08/08/2016

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті Қармақшы аудандық соты төрғасының м.а Л.Алибекова жүргізді.

Шара барысында төрағаның м.а Л.Алибекова Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен қаралған Ж-ның әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.