Архив событий

10/08/2016

Қылмыстық сотта брифинг өткізілді

10/08/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған аса ауыр санаттағы қылмыстық іс бойынша судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Есірткі зат үшін адамды өлтірген сотталушы Рысбеков Рустамға   қатысты қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сот төрағасы семинар сабағын өткізді

10/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді.

Іс-шараға ювеналды сотының төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Қ.Сағдатова және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

10/08/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова судьялардың және сот отырысы хатшыларының қатысуымен Қызылорда облыстық сотымен мемлекет мұқтажына жер учаскелерін алуына байланысты даулы мәселелер бойынша жасалған талдауды талқылауға арналған жедел кеңес өткізді.

Радиодан сұхбат берілді

10/08/2016

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла Қызылорда облыстық «Love Radio 105.2 FM» радио эфирінен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья процесске қатысушылардың бейбіт келісім, медиативтік және партисипативтік келісім арқылы татуласу әдістері туралы айтты. Сонымен қатар, аталған келісімді жасасу кезіндегі артықшылықтар туралы атап өтті

Сот төрағасы сұхбат барысында радио тыңдармандарының сауалдарына жауап берді.

 

Айыптау үкімі жарияланды

10/08/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Рысбеков Рустамға қатысты айыптау үкімі жарияланды. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, адамды өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламаларды жан-жақты талқылау өтті

10/08/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы  А.Молдабекованың және сот судьяларының, қызметкерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламаларды жан-жақты талқылау өтті. Талқылаудың мақсаты: азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мен шағымдардың басты себептеріне тоқталып, көрсетілген кемшіліктерді қайталамау.

Суд лишил права управления транспортным средством

10/08/2016

В Кармакшинском районном суде было рассмотрено административное дело в отношении гражданина Н.

Судом установлено, что гражданин Н. управляя автомобилем выехал на встречную полосу и столкнулся с автомобилем «Митсубиси», в дальнейшем отказался от прохождения освидельствования на состояние алькогольного опьянения.

Әкелік парызын орындамаған

10/08/2016

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. Арал аудандық сотының сот бұйрығымен өндіріп алушы М-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.