Архив событий

04/08/2016

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

04/08/2016

Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облыстық сотмен жолданған азаматтық істерді жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау тәжірибесіне жасалған талдауды талқылау өтті.

ҚР Азаматтық процестік кодекстің 55 тарауы сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізуді реттейді.  Талдауда жаңадан ашылған мән-жайлармен сот қаулыларын қайта қарау туралы арыздар бойынша статистикалық мәліметтер мен облыс соттарының мысалында олардың қаралуы мен соттардың заң талабын қолдануы, қаралу қорытындылары келтірілген.

«Медиация» Заңын сот төрелігін жүзеге асыру барысында қолданылуы

04/08/2016

Қармақшы аудандық сотында «Дауды сотқа дейін және сотта реттеу барысында «Медиация туралы» Заңын қолдануы тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының судьялары мен төрағасы, прокуратура, кәсіби емес медиатор қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға жаңадан қолданысқа енген Азаматтық процесуалдық кодекстегі тараптарды партисипативтік рәсіммен бітімгершілікке келу және оның жасалу тәртібі туралы түсіндірілді.

Адам өлтіргені үшін сотталды

04/08/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыс жасаған сотталушы Маханов Женисбек Мейрмановичке қатысты айыптау үкімі жарияланды. Ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен және 287-бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

04/08/2016

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың 02 тамыз күні жергілікті «Тәуекел туы» газетінің тілшісі  М.Көптілеуовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Д.Абдыкалыков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған К-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы К., бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, Г-ның үйіне ашық тұрған есігі арқылы кіріп, «Нокия» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 40 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

04/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 20 шілде құқық бұзушы Е. үйінде өзінің зайыбына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдірген.

Сот қаулысымен азамат Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

04/08/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 08 тамызында сағат 11-00 мен 13-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес,  «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

        

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

04/08/2016

Арал аудандық сотында 2016 жылдың 3 тамыз күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында  брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Д.Кентбаев мемлекеттік билік институтына қол сұғатын, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталды.

Адам өлтірген іс бойынша брифинг өткізілді

04/08/2016

Адам өлтірген және суық қаруды заңсыз алып жүрген сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Аса ауыр қылмыс жасаған сотталушы Маханов Женисбек Мейрманович ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен және 287-бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі жедел кеңес өткізді

04/08/2016

Сырдария аудандық сотында Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбайдың, сот приставы Б.Қошановтың, аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен жедел кеңес өткізілді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасын талқылады

04/08/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен «Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасын талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.

Алқабилер тізімін қалыптастыру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді

04/08/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилер тізімін қалыптастыру тәртібі туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға прокуратура, облыс әкімдігінің өкілдері, сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.