Архив событий

12/08/2016

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

12/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік ісТІ қарады.

Құқық бұзушы Д. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесінде жасанды кедергіні айналып, қос жалпақ сызықты басып, толығымен жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан. 

Сот қаулысымен, құқық бұзушы Д. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

 

Құрылыс саласындағы әкімшілік жауаптылық

12/08/2016

Арал аудандық сотында әкімшілік іс қаралып, онда объектіні тексеру барысында «Жеке тұрғын үйді қайта жаңарту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласындағы құқықтық актілерінің талаптары бұзылғаны анықталған. Құқық бұзушы К. құрылыс - жөндеу жұмыстарын мемлекеттік  сәулет–құрылыс  бақылау органын хабардар етпей жүргізген.

Құқық бұзушының әрекеті ӘҚБтК-ның 463-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Кінәні мойындау туралы процестік келісім бойынша қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

12/08/2016

Қазалы аудандық сотында 10 тамыз күні аудандық «Тұран-Қазалы» газетінің тілшісі Ғ.Әліштің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте төраға міндетін атқарушы Қ.Темірбаев сотталушы Н-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Н., алкогольдік масаң күйінде Әйтеке би кентіндегі  «Әйтеке би» ескерткішінің жанында жәбірленуші А-ны ұрып-соғып, құны 5 000 теңге тұратын ұялы телефонын және 10 000 теңге ақшасын ұрлап, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған.

Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған

12/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Т. 28.05.2016 жылы Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінде үйге уақытша тіркеуге тұрып, алайда нақты жағдайда  Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданындағы үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген.

Құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Некені бұзу туралы талап сот медиациясы тәртібімен реттелді

12/08/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Е-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талап арызында, жауапкермен 2000 жылы заңды некеге тұрғанын, осы некеден төрт балалары бар екенін, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Қалалық сотта семинар өтті

12/08/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен, «Сот отырысының хаттамасын аудио-, бейне жазбаларды қолданып жүргізу тәртібі» тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Неке бұзу туралы талап қанағаттандырылды

12/08/2016

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер М-мен араларындағы заңды некені бұзуды және кәмелетке толмаған баласына алимент өндіруді сұраған азаматтық  ісі қаралды.

Сот мәжілісінде талап қоюшы А., сотқа талап арыз беріп, жауапкермен заңды некеге тұрғанын көрсеткен. Жауапкер отбасына көңіл бөлмей, материалдық көмек көрсетпеген. Осы некеден жасы кәмелетке толмаған бір баласы   барын, бала өзінің асырауында екенін айтып, араларындағы некені бұзуды және кәмелетке толмаған баласына алимент өндіруді сұрайтынын көрсеткен.

Қылмыс жасауға оқталған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

12/08/2016

Қазалы аудандық сотында аудандық «Тұран-Қазалы» газетінің тілшісі Ғ.Әліштің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Д.Абдыкалыков сотталушы Н-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотта, азамат  Н., 2016 жылдың шілде айының 3 күні, мектептің терезесін сындырып, ішіне кіріп құрылыс заттарын ұрламақшы болған кезінде, осы мектептің күзетшісімен ұсталғаны анықталды. Яғни, қылмысын ақырына дейін жеткізе алмай ұрлық жасауға оқталған.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/08/2016

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті. Оның жұмысына әкімшілік сот судьялары, отставкадағы судья С.Құрманбай және медиатор Н.Нургалиев қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Қызылорда әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев өз сөзінде медиация шаралары медиатор көмегімен тараптардың арасында болатын сан түрлі дауларды шешу кезінде аса маңызды екендігін атап өтті.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

12/08/2016

Қармақшы аудандық  сотында 2016 жылдың 18 тамызында сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.