Архив событий

18/08/2016

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

18/08/2016

Шиелі аудандық сотымен неке бұзу туралы азаматтық іс медиативтік келісімін бекітуімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер Л. неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, арызында жауапкермен мінездері үйлеспегені, мүліктік даулары және баланы тәрбиелеу туралы даулары жоқтығын көрсетіп некені  бұзуды сұраған.

Сот отырысында тараптар кәсіпқой емес медиатор кеңесімен бітімгершілікке келіп татуласқандарын көрсетіп, іс жүргізуді тоқтату жөніндегі өтініштерін ұсынды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі

18/08/2016

Сырдария аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев баяндама жасап, сот қызметкерлеріне Әдеп кодексінің негізгі ережелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметті орындау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтті.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

18/08/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Р» ЖШС-гi жауапкер «В» ЖШС-нен 1 970 000 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың 1 ақпанында тараптар арасында келісім шарт жасалып, талап қоюшы «Р» ЖШС-гi келісім-шартқа сәйкес тауарлар үшін 43 303 648 теңге аударған.

Қармақшы аудандық соты брифинг өткізді

18/08/2016

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова жүргізді.

Шара барысында судья Л.Алибекова Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қаралған азамат С-ға қатысты әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.

Семинар сабағы өткізілді

18/08/2016

Арал аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы Қағидасын» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өтті.

Материалдық шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

18/08/2016

Шиелі аудандық сотымен талап қоюшы Г-ның жауапкерден 190 000 теңге  материалдық  шығынды  өндіріп  алу  туралы  азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді жасау туралы өтініш  келіп түскен.

Талап  қоюшы  Г. мен  жауапкер Р. дауды  медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер талапкерге ай  сайын қарызын бөліп төлейтіні келісілген.

Суық қаруды заңсыз алып жүрген сотталушыға айыппұл салынды

18/08/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында суық қаруды заңсыз алып жүрген сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

Сотта, Қызылорда ІІб-нің полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында, Қызылорда станциясындағы темір жол вокзалында сотталушы Б-ның сөмкесінен суық қару тобына жататын кастет алынғаны анықталды.

Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзған

18/08/2016

Қазалы аудандық сотында азаматша З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша З. Қызылорда қаласы, «М» дүкенінде 2500 теңге тұратын 20 дана «Дербес» алкогольдік өнімін азамат А-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiнгі аралықта сатып алушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Жол-көлік оқиғасын жасаған

18/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Т. өзінің басқаруындағы «Газ» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы С.Бейбарыс көшесімен қозғалыс жасап келіп, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының талаптарын сақтамай «Opel Vectra» маркалы автокөлігімен соқтығысып, көлік құралына материалдық залал келтіріп,  ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

18/08/2016

Азаматша А. Жалағаш аудандық сотына түсірген арызында борышкер Е. екеуі 2009 жылы заңды некеге тіркелгендерін, осы некеден араларында екі баласы бар екенін көрсеткен.

Борышкердің бүгінгі таңда бөлек тұрып жатқанын және оның өз еркімен балаларын асыраудан бас тартып отырғандығын көрсетіп, арызданушы соттан балаларын асырау үшін борышкерден алимент өндіріп беруді сұранған.

Әкімшілік қадағалау қағидаларын орындамаған

18/08/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 480-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. өзіне қатысты 31.03.2016 жылғы Арал аудандық сотының қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, әкімшілік қадағалау заңнамасын бұзып, заң талаптарына немқұрайлықпен қарап, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.