Архив событий

25/08/2016

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

25/08/2016

2016 жылдың 24 тамыз күні Сырдария аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Ұсақ бұзақылық әкімшілік істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Ж.Жолдасов ұсақ бұзақылыққа байланысты қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге тоқталып, жалпы осы санатта қаралған істердің статистикалық мәліметтері тоқталды.

Төраға жеке қабылдау өткізді

25/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді . Қабылдауға келген азаматтарды төраға А.Әбу қабылдады.

Төрағаға Қызылорда қаласының тұрғыны Б. қатысып, өзін толғандырып жүрген  мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Атап  айтқанда, шараға қатысушы кәмелетке толмаған баласымен кездесу үшін заң нормаларын түсіндіруді, сот шешімі орындалмай жағдайларда қандай әрекеттер жасау керек деген сұрақтар қойды.

Есірткіні заңсыз егіп-өсіріп, сақтағаны үшін жаза тағайындалды

25/08/2016

Қазалы аудандық соты сотталушы Б-ға қатысты  қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Б. Жосалы кентінде орналасқан үйінің ауласындағы сарай ішінде құрамында есірткі заты бар өсіруге тиым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп-өсірген. Сонымен бірге салмағы 45,18гр. есірткі заты кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік полиция қызметкерлерімен және сақтандыру компаниясының өкілімен дөңгелек үстел өткізілді

25/08/2016

Қызылорда қалалық мамандандырыған әкімшілік сотының судьяларымен және Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен, мұнай сақтандыру компаниясының өкілімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада сақтандыру полистің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсету бойынша дөңгелек үстел  өткізілді.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды

25/08/2016

 

Құқықбұзушы К. өз үйінде әкесі М-ге қарсы балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерд іжасағаны үшін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Сотта жәбірленуші М. өзінің баласы К-мен өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, оған қатысты әкімшілік істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

25/08/2016

Қармақшы аудандық сотында борышкер Т-ға қатысты сот бұйрығын шығару жайлы азаматтық іс қаралды.

Талапкер С. арызында өзінің 2015 жылы Т.-мен заңды некеге тұрып отбасын құрғанын, осы некеден кәмелет жасқа толмаған 1 баласы бар екенін, борышкердің жұмыс жасайтынын, ол баласына өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін, араларында алимент төлеу жөнінде келісім жоқ екенін, сондықтан борышкер Т-дан баласына алимент өндіру жайлы сот бұйрығын шығарып беруді сұрайтынын көрсеткен.