Архив событий

23/08/2016

Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

23/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Қызылорда қалалық сотының 2013 жылғы сот бұйрығымен борышкер К-дан өндіріп алушы А-ның пайдасына 1/3 бөлікте алимент өндірілген, аталған сот бұйрығының қабылданғанына қарамастан, құқық бұзушы борышкер сот бұйрығын орындамағаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 10  АЕК көлеміндегі айыппұл  салынды.

 

Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

23/08/2016

Арал аудандық сотында азаматша Е-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Е. Арал аудандық сотының 28.05.2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Төраға семинар сабағын өткізді

23/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы судья және кеңсе қызметкерлері арасында семинар өткізді.

Семинарды сот төрағасы А.Әбу бастап, сөз кезегін бас маман Қ.Сағдатоваға берді, ол баяндамасында «Сот қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері»туралы атап өтті.   

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылды

23/08/2016

Жаңақорған аудандық сотымен азамат И-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізген.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы И. ӘҚБтК-нің 608-бабыың 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сотпен көлік салығы бойынша борыш өндірілді

23/08/2016

Байқоңыр қалалық соты «Қармақшы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Байқоңыр қаласының тұрғынына қатысты көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.

Борышкердің атына жеке меншік ретінде автокөлік тіркелген. Ол 2015 жыл үшін 98 129 теңге көлемінде салығын төлемеген.

Арызданушы борышкерге өз еркімен борышты төлеу туралы ескерту жіберген. Алайда, салық бойынша борыш төленбеген.

«Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау» тақырыбында өткізілген семинар сабағы

23/08/2016

Қармақшы аудандық сотымен «Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға соттың кеңсе меңгерушісі мен мамандары қатысты.

Аталған шараны өткізудің басты мақсаты – ғимаратқа өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнаманы сақтау.

Сот төрағасы Қ.Абдуллаев өз сөзінде, бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері өзекті екенін айтып, сотта жемқорлықтың алдын алудағы өткізілетін шаралардың бірі – сот ғимаратына өту режимін нығайту болып табылатындығына тоқталды.

Жол - көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

23/08/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы С. өзінің басқаруындағы автокөлігін Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі бойымен бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай басқарып келе жатып, Жібек жолы көшесімен Астана даңғылының қиылысы түсында, алдында бағыттас қозғалыс жасап келіп, бағдаршамға тоқтап жатқан азамат А-ның басқаруындағы «Ваз» маркалы автокөлігіне қажетті тиісті аралықты сақтамай соқтығысқан.

Сот ата-анаға әкімшілік айыппұл салды

23/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Д-а қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Д. өз тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған Е.-ні  колледжіне  оқуға бармай  қалуына жол беріп, кәмелетке  толмаған  баласына қатысты тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

23/08/2016

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Е. Тереңөзек кенті, Бөдеев көшесінің бойына коммуналдық қалдықтарды, яғни қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынын ластағаны анықталды.

Судьялар тәжірибе алмасты

23/08/2016

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинарды облыстық соттың судьясы, оқу бағдарламалары үйлестірушісінің міндетін атқарушы К.Қаниева ашып, жиын барысында талқылауға ұсынылатын мәселелерге кеңінен тоқталды.