Архив событий

17/08/2016

Пікір білдіріңіздер!

17/08/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар  назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/08/2016

Шиелі  аудандық  сотында  азамат  Ш-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Сотта, азамат Ш. өз үйінде жұбайына  сыйламаушылық көрсетіп, балағат  сөздермен  тіл  тигізіп,  тыныштығын  бұзғаны  анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп, тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі қысқартуды  сұрады.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

17/08/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 19 тамызы күні сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қазалы аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күніне» кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

 

 

Семинар сабағы өткізілді

17/08/2016

Арал аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Жаңа Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараның мақсаты – Азаматтық процестік кодексіндегі жаңашылдықтарды және олардың әділетті сот талқылауын қамтамасыз етудегі маңыздылығын талқылау болып табылады. 

Қызылорда қалалық сотында «Төрелік» ақапараттық жүйесін қолдану барысында туындаған сұрақтарды талқылау өтті.

17/08/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасының және судьялардың қатысуымен «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану барысында туындаған сұрақтарды талқылау өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттардың қолданысына «Төрелік» ақпараттық бағдарламасы енгізілді, бұл сервис мәліметтермен тез алмасуға мүмкіндік береді және қолданыста бар барлық электрондық сервистермен интеграцияланған.

Ата-аналық құқығы қалпына келтірілді

17/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық ісі бойынша шешім шығарды.

Талапкер  Б. сотқа берген арызында,  жұбайы  қайтыс  болғанын  көтере  алмай  ішімдікке  салынып  кеткен соң, 9  сыныпта  оқитын А. есімді қызына қатысты ата-аналық  құқықтарынан айырылып, балаға қамқоршы болып туған апасы М. тағайындалғанын көрсеткен.

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

17/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ш. аялдамада, яғни қоғамдық орында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған.

Сот қаулысымен азамат Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Брифинг өткізілді

17/08/2016

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация тәртібімен қаралған істер» тақырыбында брифинг өтті.

Қорлау оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

17/08/2016

Қазалы аудандық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Ж. азаматша С-ны қорлап, тиісіп, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Алкогольдік мас күйінде автокөлік басқарған

17/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Ш. автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Қызылорда облыстық сотының Қызылорда облысы соттарынан тағылымдамадан өтуі үшін судьялыққа кандидаттарды іріктеу комиссиясының 16.08.2016 жылғы шешімі бойынша оң қорытындысын алған судьялыққа кандидаттардың тізімі

17/08/2016

Қызылорда облысының судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін іріктеу комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша оң қорытындысын алған жергілікті соттардан тағылымдамадан өтетін тағылымдамашы-кандидаттардың  тізімі  белгіленді.

 

Аты-жөні