Архив событий

22/08/2016

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы қаралатын істердің ерекшеліктері

22/08/2016

Сырдария  аудандық сотының ұйымдастыруымен, аудандық ІІБ-ның мәжіліс залында «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы қаралатын істердің ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық жасағаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны кінәлі деп танылды

22/08/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында лауазымды адам бола тұра, пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз әрекеті үшін пара алған, сотталушы азаматша  С–ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы С. азаматша А-дан сұлулық салонын тексеріп, оған заңсыз жұмыс жасап жатқанын, салонды жабатынын айтып, әрі қарай жұмыс жасау үшін ай сайын ақша сұраған.

Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

22/08/2016

Арал аудандық сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С, танысы Е-нің баласының банкомат карточкасынан ақша алып беріп тұрып, аталған банкомат карточканы жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушінің есеп-шотына түсіп тұрған ақшасын жасырын ұрлап, оған 86 000 теңге материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушының кінәсі, өзінің әрекетін мойындаған  жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Брифинг өткізілді

22/08/2016

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен, «Талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралған азаматтық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамақ тағайындалды

22/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Сотта, Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы М-нан К-нің пайдасына 1 055 158 теңге өңдіру туралы 13 наурыз 2015 жылғы шешім қабылданып, атқарушылық іс жүргізу қозғалған.

Алайда оған атқарушылық құжатты орындау туралы хабарламалар берілгенімен М. сот актісі және атқарушылық құжат осы күнге дейін орындамаған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік

22/08/2016

Қармақшы аудандық соты азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлегені анықталды. Осы әрекетімен, азамат Н. сыйламаушылық білдіріп, жұбайының тыныштығын бұзған.  

«Ашық есік күні» өткізілді

22/08/2016

2016 жылдың 19 тамызы күні Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны азамат С. болып, ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

22/08/2016

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан РТРК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Э.Ахметова «Заңсыз салынған құрылыстардың меншік иесі деп тану туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында хабарлама жасап, сот өндірісіндегі осы санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.

Заңсыз есірткі тасымалдамақшы болған азаматқа қатысты үкім шығарылды

22/08/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған сотталушы С-ға сот үкімі шықты.

Сотта, Қызылорда ст.ІІЖб-нің полиция қызметкерлерімен «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар поездын қарау жүргізу барысында, осы вагонның жолаушы қатарында келе жатқан сотталушы С-дан салмағы 3,39 грамм болатын кептірілген марихуана алынғаны анықталды.

«Мектепке жол-2016» акциясы

22/08/2016

Қармақшы ауданында №250-мектеп – лицейінде «Мектепке жол-2016» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өткізілді.

Аталған акция аясында Қармақшы аудандық сотының ұжымы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына көмек көрсету мақсатында мектеп оқушылары  Г.Айбекқызы мен А.Дәуренбекке мектепке арналған киімді және оқу-құрал жабдықтарын сатып алуға көмек көрсетті.

Қайырымдылық көмегі үшін ата-аналар сот ұжымына алғыстарын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.