Архив событий

05/08/2016

Медиация күніне арналған салтанатты шара өткізілді

05/08/2016

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық «Достық үйі» мекемесінде медиация күні акциясына арналған  жиын өткізілді.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев, ауданымыздың кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, аудан көлеміндегі ауылдық округтердің заңгер мамандары, ауылдық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Еңбек өтілі фактісі анықталды

05/08/2016

Арал аудандық сотында азаматша Ш-ның еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ресей Федерациясы азаматына 424 200 теңге айыппұл салынды

05/08/2016

Байқоңыр қалалық сотында азамат Р.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Р. 10.12.2010 жылы Ресей федерациясының төлқұжатын алған, алайда шетел азаматтығын алғанын Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде хабарламағаны анықталды.

Сот қаулысымен, азамат Р. ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 200 АЕК мөлшерінде 424 200 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

 

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңды нұсқамаларын орындамау фактісі бойынша брифинг өткізілді

05/08/2016

Қазалы аудандық сотында аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья Қ.Мыханов Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Э-нің әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен №15 «Балдәурен» балабақшасына тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, балабақша меңгерушісі Э., нұсқаманы орындамағаны анықталған.

Медиация күні

05/08/2016

Жаңақорған аудандық сотында медиация рәсімін насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасының міндетін атқарушысы А.Б.Бекботаев баяндамасында медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу екенін атап көрсетті.

Рұқсатсыз алкоголь өнімдерін сақтап, сатқан

05/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты жеке кәсіпкер Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы дара кәсіпкер Б. Қызылорда қаласында орналасқан азық-түлік дүкенінде рұқсатсыз (лицензиясыз) жалпы сомасы 25 100 теңге тұратын алкоголь өнімдерін сақтап, сатқаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасын жасап, жазаға тартылды

05/08/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Е., басқаруындағы көлігімен «Opel Vectra» автокөлікне жол бермей соқтығысып, нәтижесінде автокөлік жолаушысы А-ға жеңіл дене жарақатын келтіргені анықталды.

Шиелі ауданында «Медиация күніне» арналған салтанатты шара өткізілді

05/08/2016

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу жоспарланған.

Осы мақсатта Шиелі аудандық сотының ұйымдастыруымен  аудан  әкімдігінің, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымының өкілдерінің қолдауымен «Медиация күні» акциясына арналған салтанатты жиын  өткізілді.