Архив событий

11/08/2016

Талап арыз қанағаттандырылды

11/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің талап арызын қарап, толығымен қанағаттандырды.

30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

11/08/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Е.  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ҚР Жол жүрісі Қағидаларының 2-бөлім 4-тармағының 2-тармақшасының талабын бұзып, алкогольдік масаң күйде мото көлікті басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Е., Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  608-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Жаңақорған ауданында медиация күніне байланысты медиаторлар мен кездесу өткізілді

11/08/2016

Медиация күніне байланысты Жаңақорған ауданының кент әкімдігінің ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде медиаторлармен кездесу өткізілді.

Іс шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы А.Бекботаев, кәсіпқой емес медиаторлар, басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

Байқоңыр қалалық соты кәсіпқой емес медиаторды құттықтады

11/08/2016

Бүгін Байқоңыр қалалық сотының ұжымы медиацияның дамуына белсенді үлес қосып жүрген кәсіпқой емес медиатор А.Аралбаеваны «Медиация күнімен»  құттықтады.

Байқоңыр қалалық сотының судьясы К.Нурпейсова кәсіпқой емес медиаторға жасап жатырған жұмысына сәттілік тілеп,  ұжым атынан алғыс білдірді.

 

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

11/08/2016

2016 жыдың  10 тамыз күні Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Д.Кентбаев жүргізді.

Сот талапкердің арызын қанағаттандырды

11/08/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды қанағаттандырды.

Талап қоюшы А. сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда жауапкер  С.-ға тұрмысқа шығып, заңды некеге тұрмағандарын, араларында бала босанғанын, баланың әкесі болып жауапкер С. болып табылатынын көрсеткен. Сондықтан, жауапкер С.-ға қатысты әкелігін анықтауды және  баланы асырап-бағуға алимент өндіруді сұраған.

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлері арасында үйрену сабағы өтті

11/08/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «ҚР АПК талаптарына сәйкес сот отырысының хаттамасын жүргізу» тақырыбында үйрену сабағы өтті.

Азаматтық процестік Кодекстің 281-бабының талаптарында көрсетілгендей, бірінші саты сотының әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі, не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

Медиативтік келісімге келді

11/08/2016

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында, Сексеуіл кентінде тұратын азаматша А-ның мал қорасына жасырын кіріп, екі бас ешкісін жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушының кінәсі, өзінің әрекетін мойындаған  жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

11/08/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушысы А.Бекботаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарыкбаевтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында А.Б.Бекботаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс бойынша түсіндірме берді.

Автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін тағып жүргізген

11/08/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Ж. Қызылорда қаласында автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісімен жүргені анықталды.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42 420 теңге  айыппұл  салынды.