Егемендіктің нышаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық республикалық референдуммен еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын басты құжат Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, қолданысқа енгізілді. Биыл  мемлекетіміздің құқықтық-демократиялық даму жолында өркендеуінің бірден-бір ұйытқысы болған Конституциямызға 21 жыл толады.     

Ата Заңымыз 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Және бұл бөлімдер еліміздің өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтиды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет, ал Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.

Біздің Конституциямыздың басты артықшылығының бірі- ең алдымен, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы, байлығы деп тануында. Ата Заңымыздың 2 бөлімінде аталған басымдықтардың көрініс табуы соның дәлелі.

Конституциямыз халық үшін жазылған. Оның ең басты мақсаты-халыққа, қоғамға қызмет ету. Тек оның әлеуетін дұрыс пайдалануға ерекше көңіл бөлу керек. Мұның барлығы ұлтымыздың өткенімен сабақтастығын үзбеуге арналуы тиіс. Ол халықтың таңдауы. Конституцияны құрметтеп, мақтан тұтуымыз және қорғауымыз қажет.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі