Банктік заем шарты бойынша несие қарызы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы «К» АҚ-ның жауапкерлер А. және Ж.-дан біріккен түрде банктік заем шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «К» АҚ талап арызында банк және заем алушылар А. және Ж. арасында жасалған банктік заем шарты бойынша, оларға 2 100 000 теңге көлемінде несие сомасы берілген. Алайда, жауапкерлердің банк алдындағы міндеттемелерін бұза отырып, белгіленген мерзімде несие қарыздарын төлемегендерін көрсеткен.

Жауапкерлер А. және Ж. азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында, талапты толық көлемде мойындап, сот отырысын өздерінің қатысуынсыз өткізуді сұрады.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкерлер А. және Ж.-дан біріккен түрде банктік заем шарты бойынша қарыз сомасы және мемлекеттік баж алымы өндірілді.   

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі