Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі  аудандық  сотында  Қазақстан  Республикасының ӘҚБтК-нің  73-бабының 1-бөлігімен  Ж-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Сотта, құқық бұзушы  Ж-ның  2016 жылдың 20 маусымы күні түнгі сағат 22-30 шамасында өз үйінде жұбайына  сыйламаушылық  көрсетіп, балағат  сөздермен  тіл  тигізіп,  тыныштығын  бұзғаны  анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты  әкімшілік істі қысқартуды  сұрады.

Сот қаулысымен ҚР  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына  байланысты  әкімшілік   іс  медиация  тәртібінде  қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі