Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азаматша К-ның әкімшілік ісін қарады.

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесінде орналасқан  дүкенінде 1-шыны арақты аз. Қ-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiнгі аралықта сатып алушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш көлемінде  21210  теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі