Бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында аудандық пробация қызметінің ұсынысы бойынша сотталған Қ-ны бас бостандығынан шектеу жазасынан нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды сұраған ісі қаралды.

 Іс құжаттарына сәйкес, сотталған Қ., Қазалы аудандық сотының  үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, пробация қызметіне есепке алынған. Алайда, сотталған Қ., жаза өтеу тәртібі мен міндеттерін біле тұра, пробация қызметінің заңды талаптарын орындамай, жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде 5 рет бұзған.

Сот отырысында сотталушы Қ-ның жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзғаны өзінің мойындау түсінігімен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен  сотталған Қ-ның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген уақыты 2 жыл 3 ай 22 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. 

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі