Сот құқық бұзушыға айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп таныды.

Құқық бұзушы К. ойын-сауық мекемесінің ішінде сағат 00:08 шамасында кәмелетке толмаған А-ны заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген, сөйтіп Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы К. сотқа жазбаша өтініш беріп, онда кінәсін толық мойындады.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ң 56-бабына сәйкес, құқық бұзушының кінәсін мойындауы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар ретінде танылуға жатады.

Осыған орай, сот құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған үш баласы бар екені сотпен жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылуына байланысты, ӘҚБтК-ң 132-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген соммасын 30 пайызға, яғни, 63630 теңгені 44541 теңгеге дейін қысқартты.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі