Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы К. үйінде өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі әйелімен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы К. кінәсін мойындап, тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Сот қаулысымен әкімшілік іс медиациялық рәсім тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі