Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков өз өндірісінде  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, 24.06.2016 жылы автокөлігін «орта» дәрежеде алкогольдік масаң күйінде басқарып, теріс қылық жасаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сұлтанбеков Аңсат  журналист қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушы Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, алкогольді мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін  ҚР       ҚК –нің 346–бабының 1–бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра  отырып, ол 50 (елу) айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде – 106 050 (бір жүз алты мың елу) теңге айыппұлға жазаланды.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі