Архив событий

23/05/2017

Қаруды заңсыз тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

23/05/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. Арал ауданы, Жақсықылыш кентінің шығыс жақ бетінде 15 шақырым қашықтықта жазық далада ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз тасымалдаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

23/05/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Қызылорда заң және техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен   «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында студенттер сот жүйесіндегі өзгерістер, соттың қарауына жататын істер санаты, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы өз сұрақтарын қойды.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

23/05/2017

Шиелі аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат Ә-ға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыздары бойынша азаматтық іс қаралды.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

23/05/2017

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 28сәуірдегі № 6001-16-7-4/87 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын» талқылау өтті.

Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленді, бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігі айтылды.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл салынды

23/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы Ж. әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж-ның кәмелетке толмаған қызы Қызылорда қаласында орналасқан көп қабатты үйдің подъезді алдында шемішке шағып, шемішкенін қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабында көзделген ұсақ бұзақылық әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

23/05/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Д.Н.Абдыкалыков жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Ж. Қазалы ауданы, Шакен ауылы, Айбарша елді мекені аумағындағы далалық жерден өсіп тұрған орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды,  яғни сексеуілді заңсыз кесіп алып, мемлекетке 11345 теңге зиян келтірген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/05/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

23/05/2017

Шиелі аудандық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат  Р. автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Шиелі кенті, А.Яссауи көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған.

Сот отырысында азамат Р. өзінің кінәсін толығымен мойындады.  Сондай-ақ, оның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және іске тіркелген өзге де құжаттармен толық  дәлелденіп бекітілді.

Сотта жедел кеңес өткізілді

23/05/2017

Қармақшы аудандық сотында сот судьялары мен мамандарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Аудандық сот төрағасы м.а. Л.Алибекова жедел кеңесті ашып, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысына тоқталды.

Шара барысында сот істерін қарау кезіндегі мерзімдерінің сақталуын қатаң қадағалауды және баспасөз құралдары өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.