Архив событий

04/05/2017

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

04/05/2017

2017 жылдың 18 мамырында сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық және 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетіндігін  хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

04/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Шара барысында Қ.Бержанов сот өндірісіне жыл басынан бері әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық істердің көбейіп бара жатқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда сот өндірісіне 2017 жылдың 4 айында аталған санат бойынша 41 талап арыз түскен.

Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылды

04/05/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. Ақтөбе қаласындағы «Колхозная» базарынан Рессей Федерациясының жалпы құны 10 141 746 теңге  болатын 5228 шөлмек заңсыз акциздік маркалары жапсырылған арақтарды сатып алып, сақтап Әйтеке кентіндегі дүкенінде сатқан.

Басты сот талқылауында сотталушының кінәсі өзінің мойындау түсінігімен және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

04/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушы О-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған сотталушы О. өзінің танысы  кәмелетке  толмаған Н-мен  кездесіп,  айналасында  бөгде  адамдардың  жоқтығын  пайдаланып мектеп  ғимаратына кіріп, асхананың терезесін  сындырып,  ішінен 1 қорап құрт, 144 дана шоколадты жасырын  жымқырған. Осы  кезде кәмелетке толмаған Н.  бөгде  адамдардың  келіп  қалмауын бақылап тұрған.

Темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/05/2017

Қармақшы аудандық сотында  азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. Жосалы станциясының темір жол вокзалы перронында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымның қалдығын жерге тастап,  қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

04/05/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен айыпталған сотталушылар М. мен А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар М. мен А. алкогольді еліту күйлерінде, жәбірленуші Н-ның тұрғын үйінің ауласына заңсыз кіріп, аулада тұрған кран автокөлігінің аккумуляторын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 40 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өткізілді

04/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары арасында ҚР ӘҚБтК-ң 44-тарауындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау және 45-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды апелляциялық тәртіппен қайта қарау барысында туындаған мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сот бұйрығын қабылдау тәртібімен қаралған азаматтық істер санаты

04/05/2017

Арал аудандық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында 293 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 55 іс сот бұйрығын қабылдау тәртібімен аяқталған, яғни барлық қаралған істердің 18,7 % құрайды.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.

Аң аулау қаңғидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

04/05/2017

 Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат К. өзінің меншігіне тіркелген аңшы мылтығымен 5 дана қасқалдақ құсын заңсыз атып алған.

Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 382-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 23 824 теңге айыппұл салынып, аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді, заңсыз атып алынған 5 дана қасқалдақ құсы жойылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

 

Әйеліне балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. масаң күйінде өз үйінде әйелін және жанұя мүшелерін балағаттап, сыйламаушылық танытып, отбасы тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.