Архив событий

19/05/2017

«Заңды күшіне енген сот актілерін орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді

19/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы Г.Дүйсенованың жүргізуімен сот мамандарының арасында «Заңды күшіне енген сот актілерін орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді.

Семинар жұмысына  кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

19/05/2017

Қармақшы аудандық  сотында 2017 жылдың 26 мамыр күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437)2-29-95 номеріне хабарласуына болады.

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы азаматтарды қабылдады

19/05/2017

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Ұрып соққаны үшін жазаға тартылды

19/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Н-ның жәбірленуші А-ның үйінің ауласына кіріп, болмашы себептерді желеу етіп, өзімен бірге ұстап жүрген пышағымен оның сол жақ бүйірінің тұсынан бір мәрте пышақпен ұрып, ауыр дәрежелі жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалағаны  анықталды.

Қазалы аудандық сотында семинар-тренинг өтті

19/05/2017

Қазалы аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды  орындауға жолдау тәртібі»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті. Шараға сот төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

19/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат В. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 12.10.2005 жылғы барлық тапқан табысының 1/4 бөлігін Н-ның пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2015 жылдың маусым айынан бастап орындамаған. Содан алимент бойынша қарызы 1 071 846 теңгені құраған.

Сотта, азамат В. қазіргі таңда уақытша жұмыссыз екенін, жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен сот бұйрығын орындай алмағанын айтты.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

19/05/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Тұрғындарды осы соттың төраға міндетін атқарушы судья Сабыров Асхат Аббасұлы қабылдады.

 Шараның басты мақсаты жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

«Ашық есік күніне» келген қала тұрғындары қылмыстық процесте азаматтық талапты қою жөнінде және заңсыз тыйымға қойылған мүлікті қайтарып алу тәртібі бойынша сұрақтар қойды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

19/05/2017

Арал аудандық сотында азаматша П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы П-ның кәмелетке толмаған баласы заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сотта құқық бұзушы П. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, алдағы уақытта бұндай әрекеттерге жол бермейтінін айтып, соттан айыппұл мөлшерін азайтуды сұраған.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

19/05/2017

Жалағаш аудандық сотымен азамат С-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (Қоғамдық жерде алкогольдік ішімдікті ішу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы көше бойында алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылды, оған 2 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тараптар арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

19/05/2017

Қазалы аудандық сотында  талап қоюшы Ғ-ның  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Ғ. сотқа талап қою арызымен жүгініп, жауапкер Б-дан  құжаты мен жеке заттарын алып беруді сұраған.

Сот отырысында тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, соттан азаматтық істі тоқтатуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.