Архив событий

26/05/2017

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/05/2017

Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» келген аудан тұрғындарын сот төрағасы М.Еркінбеков қабылдады.

Іс-шараға келген аудан тұрғыны Б.Алтынбекова қарыз ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Сот төрағасы қабылдауда болған Б.Алтынбековаға заң нормаларын  түсіндіріп, сауалдарына жауап  берді.

Сот Өзбекстан Республикасының азаматына 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

26/05/2017

Қазалы аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматы У-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпей, Қазалы ауданының Бірлік ауылында Өзбекстан Республикасының азаматы құрылыс нысанында жұмыс істеп жүргені анықталған. Осыған байланысты, ер адам көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Соттың шешімімен өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылды

26/05/2017

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы Ж-ның жауапкер «Төретам кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен тұрғын үйге меншік құқығын тану жайлы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.                                  

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның  2007  жылдан бері Төретам кенті, Жаңақұрылыс көшесіндегі жер учаскесінде үй тұрғызып, отбасымен сол үйде тұрып жатқандығы анықталды. Және де барлық коммуналдық  төлемдері де уақытылы төленіп отырылғандығы анықталды.

Отбасы медиация тәртібімен сақталды

26/05/2017

Жалағаш аудандық сотында ашық сот мәжілісінде талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-ға қойған неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта, талап қоюшы Н. жауапкер Д-мен 2008 жылы заңды некеге отырғанын, араларында екі баласы бар екенін, екеуінің мінездері жараспаған соң, сотқа талап арызбен жүгінгенін айтты.

Сот барысында тараптар медиатордың көмегіне жүгініп, келісім жасады. Онда жауапкер талап қоюшымен татуласып, отбасын сақтап қалуды шешті, ал талап қоюшы өз арызынан бас тартты.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қомақты айыппұл салынды

26/05/2017

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы Б. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

26/05/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы У-дың қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы У. жәбірленуші Б-мен таныса келе оған қалада жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алып беретіндігіне сендіріп, сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алдау жолымен алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

26/05/2017

Талапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «М» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, тараптар арасында келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жеке кәсіпкер «М» келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартатыны жөнінде тапсырыс берушіге хат жіберіп,өз міндеттемесін орындамаған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

26/05/2017

 2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

26/05/2017

Арал аудандық сотында көлік құралымен жарық беру бағанына соққан азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұған байланысты полиция қызметкерімен ҚР Жол жүрісі қағидасының 10.1-бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1-бөлігімен дәрежеленген.

Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайларды растап, өз кінәсін мойындаған.

Судьялар отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау тәжірибесін талқылады

26/05/2017

Шиелі аудандық сотының судьялары соттың құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелерді анықтау және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәжірибесін талқылады.

Шара барысында аудандық сот судьясы Ә.Түбекбаева аталған санаттағы істерді қарау тәжірибесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жасалған  шолуда көтерілген мәселелерге тоқталды.