Архив событий

24/05/2017

3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

24/05/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азамат Н-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Н. Тереңөзек кенті, Алиакбаров көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде  болғандығы  анықталған.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

24/05/2017

Азаматша І. сотқа жауапкерден қарыз сомасын өндіру  туралы арыз келтірді.

Тараптардың арасында нотариалдық тәртіпте бекітілген келісім болғандығы, ол бойынша талапкер жауапкерге банктен несие рәсімдеп ақша алып бергендігі, жауапкер мерзімінде төлеп тұруға міндеттенгендігі  анықталды. Алайда, несие төлеу мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалғанда жауапкер банк алдындағы қарызын төлемей қояды. Сол себепті, талапкер сотқа жүгініп, қарызын өтеуді талап еткен. 

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

24/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы  А. кәмелетке толмаған ұлы  З-ға түнгі уақытта заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген, сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 23825 теңге айыппұл салды.

Ана ата-аналық құқығынан айырылды

24/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды.

Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

24/05/2017

Қазалы аудандық сотында сотталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К. есірткі затын өткізу мақсатында Әйтеке би кенті, М.Шоқай көшесіндегі тұрғын үйінде Б. есімді азаматқа 2 дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 1,17 гр. кептірілген марихуананы 2000 теңгеге заңсыз өткізген. Сондай-ақ, өз үйіндегі жатын бөлмесінде  жалпы салмағы 1037 гр. есірткі заты кептірілген марихуананы ірі мөлшерде  өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп,  сақтаған.