Архив событий

18/05/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын келісімдік комиссиямен шешу тәртібі» тақырыбында кездесу өткізілді

18/05/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінде «Еңбек дауларын келісімдік комиссиямен шешу тәртібі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов, аудандық білім бөлімінің өкілдері мен жергілікті мектеп директорлары қатысты.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

18/05/2017

Жалағаш аудандық соты құқық бұзушы А-ға  қатысты әкімшілік істі қарады                                              

Құқық бұзушы А.  кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін, табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, алимент бойынша берешегі 1 463 042 теңгені құраған.                                                          

18 жәбірленушіге зиян келтірген сотталушы 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды

18/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 188-бабы 2-бөлігі 1,2,3-тармақтары, 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы Д-ның бұрын өтелмеген соттылығы бола тұра, бірнеше рет тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы 16 рет ұрлық жасап және 2 рет ұрлық жасауға оқталып, жәбірленушілерге жалпы суммасы 5 906 919 теңге материалдық залал келтірген

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/05/2017

Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы М-ға қатысы әкімшілік іс қаралды.        

Сотта, құқық бұзушы М. Жаңақорған аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында, белгіленбеген қоғамдық орында пісте шағып, пісте қалдығын арнайы жәшікке салмай қоғамдық орынды ластағаны анықталған.  

Қызылорда қаласының №2 сотында семинар сабағы өтті

18/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы Т.Ғалымжанқызының жүргізуімен сот мамандарының арасында «Электрондық құжат  айналымының біріңғай  жүйесі  бойынша  кіріс хат-хабарларын қабылдау, тіркеу және шығыс хат-хабарларын қабылдау, тіркеу, қарау және шығыс хат-хабарлар мен сот құжаттарын рәсімдеу» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Қызылорда қалалық сотында оқып-үйрену сабағы өтті

18/05/2017

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу. Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті. 

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

18/05/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы С. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

18/05/2017

2017 жылдың 29 мамырында сағат 10:00 мен 12:00 аралығында, Қазалы аудандық  сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8724-38) 22-7-72 телефон номеріне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,  Жанқожа көшесі 96-үй.

Сот үкімімен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

18/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, кәмелетке толмаған сотталушы Т. көп қабатты үйлер ауласындағы гараждар арасынан пакетке оралған атыс қаруын тауып алған және өзімен бірге тасымалдау мақсатында заңсыз иемденіп, сөмкесіне салып алып үй ауласында сақтаған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

18/05/2017

Жалағаш аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушы масаң күйінде болып, жәбірленушінің үйінің есігін бұзып, заңсыз кіріп, алтын сақиналарын ұрлап, жәбірленуші К-ға 190 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотталушы өз кінәсін мойындады, ұрлаған мүлікті жәбірленушіге қайтарды.

Жол көлік оқиғасын жасаған

18/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда қаласы Қорқыт Ата көшесімен, ҚР жол жүрісі Қағидасының талаптарын сақтамай, артқы бағытта қозғалыс жасап жүру барысында, артында жол жиегіндегі су лотогын сындырып, материалдық шығын келтірген үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.