Архив событий

17/05/2017

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өтті

17/05/2017

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі м.а Н.Елшібеков ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Қылмыстық сотта семинар-тренинг өткізілді

17/05/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе қызметкерлері арасында "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығын оқып үйрену бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

17/05/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңын қолдану» тақырыбында семинар өтті.                                            

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, кеңсе қызметкерлері, кәсіпқой емес  медиаторлар және  Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері  қатысты.    

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/05/2017

Шиелі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 669 бабы (сот шешімін орындамау) бойынша құқық бұзушы Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2012 жылы 20 қыркүйегінде Шиелі аудандық аумақтық бөлімі Әділет департаментінің филиалының аға сот орындаушысымен Қ-ға қатысты Д-ның пайдасына кәмелетке толмаған баласына кәмелеттік жасқа толғанға дейiн ай сайын ¼ мөлшерінде тапқан табысының барлық түрлерінен алимент төлеуге міндеттелгені туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Автобустар аялдамасын ластағаны үшін айыппұл салынды

17/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат С. автобустар аялдамасы жанында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен, азамат С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қызылорда қалалық сотында «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау » тақырыбында семинар өтті

17/05/2017

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова мен судьялардың қатысуымен «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу АПК-тің 55 тарауымен реттелгендігін, онда қайта қараудың негіздері толық көрсетілгендігін айтты.

Әкімшілік құқық бұзушыға айыппұл салынды

17/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы Н-ға айыппұл салынды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н. «Ю» компьютерлік  клубының   администраторы болып  қызмет  жасап  жүріп, түнгі сағат 03:00 шамасында кәмелетке толмаған Д-ға  заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы талаптарын бұзған

17/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Өзбекстан Республикасының азаматы И-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. 2017 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмай, ҚР-да болу Қағидаларын бұзып, пайда табу мақсатында Қызылорда қаласы, Бейбарыс көшесінің бойында сауда-саттық жұмыстарымен айналысқаны үшін Қызылорда ОІІД-ң полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

17/05/2017

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «А» жеке кәсіпкеріне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«А» ЖК-ін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 23.01.2017 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 8 145 351 теңге, оның ішінде бересі – 5 847 599 теңге, өсімпұл – 2 297 752  теңгені құраған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/05/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. өз үйінде жанжал шығарып, қарындасына балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/05/2017

Арал аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. Сырдария өзенінің теңізге құяр сағасындағы балық аулауға тыйым салынған аймақта балық аулап, ҚР Орман және жануарлар дүниесі Комитетінің 24.07.2015 жылғы №190 бұйрығымен бекітілген «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу» туралы ережесін бұзған.

Көлік құралын жүргізу куәлігі жоқ бола тұра басқарған

17/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Қ. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, ҚР жол жүрісі Қағидасының талаптарын бұзып, Қызылорда қаласы, Бектұрғанов көшесінің бойында автокөлікті алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

17/05/2017

Жалағаш аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қозғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьясы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жеке айыптау істері бөлігінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын талқылады.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 408-бабына сәйкес жеке айыптау істері нақты тұлғаға қатысты жәбірленуші немесе оның өкілінің сотқа шағым беру арқылы қозғалады.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

17/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы сотта  қаралған  қылмыстық  іс  бойынша  БАҚ  өкілдеріне  брифинг  өткізді.

Брифинг барысында сотталушы Е-ның қылмыстық ісіне қатысты ақпарат берді.