Архив событий

31/05/2017

Кент тұрғындарына пилоттық жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

31/05/2017

Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова және кәсіби емес медиаторлар кент әкімшілігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының №6001-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» талаптарына сәйкес түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.

Қызылорда облысының судьялары «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының балаларын мерекесімен құттықтады

31/05/2017

1 маусым - халықаралық балалар күніне орай, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облысы соттарының ұжымы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының балаларын мерекесімен құттықтап, Астана қаласында өткізілетін «Экспо-2017» саяхатына барып қайту үшін қаржылай көмек көрсетті. Бүгінгі күні Сарыарқа, Оқжетпес, Үшқоңыр, Байқоңыр, Ақжайық, Ұлытау, Жетісу деп аталатын жеті тұрғын үйден тұратын отбасылық үлгідегі балалар ауылында 51 бала тәрбиеленіп жатыр.

Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108- бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сүйенсек, қала тұрғыны сотталушы С. жәбірленуші Н-ны ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтірген.

Сот отырысында тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келуіне байланысты, жәбірленуші Н. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Сотта семинар өткізілді

31/05/2017

Сырдария аудандық сотында кеңсе қызметкерлері арасында «Атқару –құжатын жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Пірімбет интеграциялық өзара іс-қимылға салынған алгоритмге сәйкес соттар мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды электрондық форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жібереді, онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық бөлімге бөлуді жүзеге асыратындығын айтты.

«Ашық есік күні» өткізілді

31/05/2017

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев  қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны Ғ.Балманов болып, қарыз ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заңнама талаптары түсіндіріліп, тұжырымды жауаптар берілді.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

31/05/2017

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«А» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 20.01.2017 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 13 790 909 теңге, оның ішінде бересі – 7 640 297 теңге, өсімпұл – 3 889 602 теңгені құраған.

Қазалы аудандық сотында брифинг өткізілді

31/05/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Тәуекел туы» газеті тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сот судьясы Д.Абдыкалыков  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен  айыпталған Н-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Н., темір жол вокзалының перронында есірткі заты - 1,26 гр. кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

31/05/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы  6-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Б. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының 2.4.2,13.11 тармақтарының талаптарын сақтамай, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Темекі бұйымын сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

31/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салды.

Істің мән-жайына сәйкес, құқық бұзушы К., азық-түлік дүкенінің сатушысы болып жұмыс жасап  жүріп,  кәмелетке толмаған Б-ға екі  дана темекі бұйымын сатқан.

Яғни, ол ҚР ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасаған.

Еріксіз емдеуге жіберілді

31/05/2017

Қазалы аудандық сотында  арызданушы  "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы" МКҚК-ның азамат Т-ны алкоголизмнен еріксіз емдеу мекемесіне мәжбүрлеп жіберуді сұраған ұсынысы бойынша азаматтық ісі қаралды.                                                      

Сотпен көлік салығы өндірілді

31/05/2017

Жалағаш аудандық сотымен талап қоюшы «Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің жауапкер А-ның көлік салығын өндіру туралы талап арызы қаралды.

Жауапкердің атына көлік тіркеліп, 2015 - 2016 жылдарға 33 057 теңге көлеміндегі салық есептелген.

Мемлекеттік кірістер басқармасымен жауапкерге салық бойынша борышты өтеу туралы ескерту хаты жолданған.

Бірақ, жауапкер А. көлік салығын төлемегеніне байланысты аудандық кірістер басқармасы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

31/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы П-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматы П. 14.01.2017 жылы Қазақстан Республикасына келіп, тіркеуге тұрғанда 13.02.2017 жылға дейін болатындығын көрсеткен.