Архив событий

16/05/2017

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

16/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы К-ға айыппұл салынды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К-ның кәмелетке толмаған баласы көпқабатты үйлердің ауласында шемішке шағып, оның қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.  

Заем шарты бойынша несие қарызы өндірілді

16/05/2017

Қазалы аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талап қоюшы Е-ның жауапкер А-дан банктік заем шарты бойынша несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Е. несие алушы тарапынан несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер А-дан несие шарты бойынша барлығы 959273,22  теңге қарызын және 28778,20 теңге  сот шығындарын  өндіруді сұраған.

Сотталушыларға пробациялық бақылау белгіленді

16/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты бірнеше эпизотты қылмыстық іс қаралды.

Аталған эпизоттардың бірінде кәмелетке толмаған сотталушы Б. өзінің сыбайластары сотталушылар М., Н., Ж-мен бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып үй ауласында тұрған жәбірленуші А-ның автокөлігінің терезесін ұрып сындырып, көлік ішіне заңсыз еніп, ішіндегі 12 000 000 теңге ақшаны сыбайластарымен бірге ұрлап оқиға болған жерден бой тасалаған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

16/05/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 19 мамырында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес,  «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-98-07 номеріне хабарласуына болады.

Масаң күйінде жанұясының тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алынды

16/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық  бұзушы  Т.  өз үйінде, мас халде әйелі Б-ға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзған.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен  құқық  бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы  тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.     

Жалған мемлекеттік белгісін тағып, көлік құралын басқарған

16/05/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. Арал қаласы, Әбілхайырхан көшесі бойында автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

16/05/2017

Талапкер «Қ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Т» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, тараптар арасында келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жеке кәсіпкер «Т» келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартатыны жөнінде тапсырыс берушіге хат жіберіп, өз міндеттемесін орындамаған.

Алимент мөлшері төмендетілді

16/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен алимент мөлшері төмендетілді.