Архив событий

22/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

22/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.К.Әбу және судья Д.И.Алиев  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

22/05/2017

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат М-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Өткізілген сараптама қорытындысы, оның кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні жайлы қорытындыға келген.

Судьялар арасында семинар өтті

22/05/2017

Қазалы аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Қылмыстық істер бойынша сот үкіміне қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өтті.

Шараны аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев ашып, баяндама жасау үшін сөз кезегі судья Қ.Т.Мыхановқа берілді.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

22/05/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат М-ның қоғамдық орында бөтелкені белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластағаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 22 690 теңге 30 пайызға қысқартылып,  15883 теңгеге айыппұл салынды.

Сот қаулысы  заңды  күшіне  енбеген.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

22/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ш.Ибрашев іс-шараға келіп қатысқан қала тұрғындарының толғандыратын сұрақтарына толық жауап беріп, түсіндірме жүргізді.

«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімділігін арттыру  мақсатында өткізіледі.

Жаяу жүргіншіге дене жарақатын салғаны үшін жаза тағайындалды

22/05/2017

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М. басқаруындағы  автокөлігімен жолдан өтпекші болған  жасөспірім  жүргінші Д-ға   соғып, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған.

Сот отырысында құқық бұзушының әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен, жәбірленуші өкілінің жауабымен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

22/05/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 29 мамыр 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Қызылорда қалалық сотында семинар өтті

22/05/2017

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова мен судьялардың қатысуымен «Судьяның әдеп Кодексін» талқылау  өтті.

Семинарда сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова әдеп кодексінің негізгі баптарына тоқталды.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдік жауапкершілікке тартылды

22/05/2017

Жаңақорған аудандық сотында шетел азаматы  Ю-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                                                  

Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматы құқық бұзушы Ю. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.                                                                           

3 жылға көлік басқару құқығына айырылды

22/05/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Н. Тереңөзек кенті Мұратбаев көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталған.