Архив событий

12/05/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков Қармақшы, Қазалы аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

12/05/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков арнайы іссапармен Қармақшы, Қазалы аудандық соттарында болып, аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелері бойынша облыстық сот төрағасының қабылдауында болу мүмкіндігіне ие болып, заң аясында тиісті жауаптарын алды. Аудандық соттарда 5 азамат облыстық сот төрағасының қабылдауында болды. Келгендердің әрқайсысының мәселесі әр түрлі.

Өсіруге тыйым салынған сора өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіргені үшін тиісті жазасын алды

12/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Б-ның Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылынан батысқа қарай 16 шақырым жерде қалың тоғай арасынан жер тауып, сол жерде жататын орнын дайындап, ipi мөлшерде, барлығы 72 түп болатын құрамында ecipткi заттары бар, өcipyгe тыйым салынған сора өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

Кәмелетке толмаған сотталушы бас бостандығынан айырылды

12/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты көп эпизотты қылмыстық іс қаралды.

Аталған эпизоттардың біреуіне тоқталып өтсек, кәмелетке толмаған сотталушы Р. көп қабатты үй ауласында өзінің танысы жәбірленуші Е-ны көріп қалып, бұзақылық жасауға ниеті туындаған.

Содан, кәмелетке толмаған сотталушы Р. жәбірленуші Е-ні шақырып алып, болмашы себепті желеу етіп, соңғыға танысы О-ны тауып беруді сұрап, талап еткен.

Бітімгершілік келісім жасау талқыланды

12/05/2017

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістері көзделген. Оның ішінде бітімгершілік келісім.

2017 жылы 12 мамырда Жалағаш аудандық сотында «Бітімгершілік келісім туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға аудандық соттың судьясы Т.Темірбаев, аудан прокурорының көмекшісі Ж.Еркінов, қорғаушы Ә.Хусаинов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және сот мамандары қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/05/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл саясатын құқықтық насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратураның, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, Жаңақорған аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты қатысты.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

12/05/2017

2017 жылдың мамыр айының 15 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

12/05/2017

Шиелі аудандық сотында аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысуымен  «Сот жүйесінің БАҚ-мен бірлесіп жұмыс атқаруы» тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифингті аудандық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы Ә.Түбекбаева өткізді.

Тілші БАҚ-ның мемлекеттік органдармен, соның ішінде сот жүйесімен өзара байланысының рөлі жайлы сұрақ қойды.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

12/05/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/05/2017

Қармақшы аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Л.Алибекова, заң кеңесінің адвокаты Ш.Қабақбаев, аудандық соттың мамандары қатысты.

Аудандық соттың бас маманы С.Жалғасбаева тақырып бойынша баяндама жасап, гендерлік саясаттың принципі қоғамда кездесетін қылмыстың алдын алу және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою екенін атап өтті.

Кәмелетке толмаған баласының бұзақылығы үшін анасына айыппұл салынды

12/05/2017

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған құқық бұзушының анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған Ә. Арал қаласында қоғамдық орында яғни, Кеулімжаев көшесі бойында пісте шағып, қалдығын жерге тастаған. Сөйтіп ол, ортақ пайдалану орындарын ластап, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған құқық бұзушының анасына ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 11 118 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

12/05/2017

2017 жылдың 27 мамырында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

 Қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22)7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы, Максимова көшесі, 17 «а» үй.   

Ұрлық жасағаны үшін жаза тағайындалды

12/05/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы А-ның қылмыстық ісі қаралды.                                      

Сотталушы А. жәбірленуші Г-ның дүкенінен әртүрлі заттарын жасырын жымқырып, жәбірленушіге  жалпы құны 6400 теңге мүліктік зиян келтірген.   

Басты сот талқылауында сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен және басқа да жинақталған құжаттармен  толық дәлелденді.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

12/05/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер А. талап арыз беріп, онда жауапкер Б-мен 2010-2015 жылдар аралығында заңды некеде тұрғанын, сот шешімімен неке бұзылғанын, анасының тәрбиесінде қалдырылған ортақ кәмелетке  толмаған  үш баласымен  араласуға  құқығы  бар екенін көрсетіп, соттан жауапкер Б-дан  кәмелетке  толмаған балаларымен  демалыс кездерінде  Ақтөбе  қаласына өз үйіне алып кету арқылы кездесу уақытын белгілеуді сұрады.

Х а б а р л а н д ы р у

12/05/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің  конкустық комиссиясымен тағайындауға ұсынылады:

 

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына  Жұбатыров Жанмедет Сәбитұлы;