Архив событий

11/05/2017

Жолаушылар поездында қызметтік иттің көмегімен есірткі заты табылды

11/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жолаушылар поездында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, қызметтік ит Ральфтің көмегімен полиция қызметкерлері азамат Е-ден пакетке оралған жалпы салмағы 5,66 грамм болатын есірткі заты табылған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған есірткілік құрал - гашишке жататыны, гашиштің салмағы - 5,66 грамм болатынын аныталды.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

11/05/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Қ.Т.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Т-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

11/05/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 23 мамыр күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.

Пара алғаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

11/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат Ғ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, бұрынғы учаскелік полиция инспекторы Ғ. азамат Н-ға декларациясын тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапқа тартпау үшін 7000 теңге пара ретінде алып жатқан жерінен ұсталған.

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өткізілді

11/05/2017

Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы Ж.Жолдасов дауларды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігін насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг  өткізді.

Брифинг барысында судья Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174 бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіндігін атап өтті.

Алаяқтық қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды

11/05/2017

Қазалы аудандық сотында алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Т. 2016 жылы жәбірленушілер  К., Р., Г.-лерге банк арқылы 10 000 000 теңге несие алып беремін, алғашқы құжаттарын жасау үшін 600 000 теңге керек деп, жәбірленушілердің  сеніміне кіріп, алаяқтықпен К. мен Р-ның  600 000 теңгесін,  Г-ның  480 000 теңгесін алып, бас пайдасына жаратып, жәбірленушілерге мүліктік зиян келтірген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

11/05/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингті судья М.Сарсенов жүргізді. Судья 2017 жылдың 4 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 849 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде  681  іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

11/05/2017

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы А-ның қылмыстық іс қаралды.                 

Сотталушы А. ғимаратты жалға алып, ойын мекемесін заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырып, ол ғимаратқа бір дана жүйелі блок, бір дана монитор мен төрт дана теледидарды, ойыншылардан 200 теңгеден нақты қабылдап алып, құмарлық ойындарды интернет арқылы ойнатқан.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

11/05/2017

Арал аудандық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ж. автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Toyota Corolla» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен толық дәлелденген.