Архив событий

15/05/2017

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

15/05/2017

Қызылорда  облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 19 мамырында, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

 

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

15/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380 бабы 1 бөлігімен билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты  өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолданғаны үшін сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Брифинг өткізілді

15/05/2017

Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында З.Сермағамбетова заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ететін әдістердің бірі болып табылатынын айтып өтіп, журналистерді сот жүйесінің жетістіктерімен, соның бірі «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерімен ақпараттандырды.

Облыстық сотта «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдану кезінде дауларды қараудың сот тәжірибесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті

15/05/2017

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдану кезінде дауларды қараудың сот тәжірибесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

15/05/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. жәбірленуші Б-дан 1 200 000 теңгесін жер алып беремін деп алдап алып, жымқырып, бас пайдасына жаратып алаяқтық жасаған.

Жәбірленуші Б. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім беретіндігін, өзіне келтірілген залал толығымен өтелгенін, сотталушының бас бостандығын айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

15/05/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруға оқталып, інісі жәбірленуші Е-ның үйінен құны 8000 теңге тұратын алюмини қазанын жасырын жымқырмақшы болған кезінде, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысын ақырына дейін жеткізе алмай ұрлық жасауға оқталған.

Сот қаулысымен «ескерту» жазасы тағайындалды

15/05/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Азамат Ж. өз үйінде келіні Қ-ға сыйламаушылық білдіріп, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзатын құқық бұзушылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында оның кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушінің  түсінігімен және өзге де құжаттармен дәлелденді.

Ақпараттық хабарлама

15/05/2017

2017 жылдың 22 мамырында сағат 10:00 ден 12:00 аралығында Сырдария аудандық сотында «Ашық есік күні»  өткізілетіндігін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық азаматтар мен аудан  тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру  және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру болып табылады.

«Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырбында семинар сабағы өткізілді

15/05/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін баяндамашыға берді.

Оқып-үйрену сабағы өткізілді

15/05/2017

Арал аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Автокөлікке жалған белгі тағып басқарғаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

15/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Қ-ға қатысты іс қаралды.

Құқық бұзушы Қ. өзінің басқаруындағы автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатып, Қызылорда қаласында басқарғаны үшін ҚІІБ ЖПҚ ЖППБ-ң полиция инспекторымен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.  

Соттың шешімімен еңбек өтілі анықталды

15/05/2017

Қазалы аудандық сотында арызданушы С-ның еңбек өтілін анықтауды сұраған  азаматтық  ісі қаралды.

Арызданушы С. сотқа жүгінген арызында өзінің 2008 жылдың 13 қарашасы мен  2012 жылдың 16 сәуірі   аралығында «БИС-ГРУПП» ЖШС-де көлік жүргізуші болып жұмыс атқарғанын көрсетіп, аталған мерзімдегі еңбек өтілін соттың шешімімен  анықтап беруді сұраған.