Архив событий

29/05/2017

Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

29/05/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Р. бұрын кәмелет жасқа толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған, алайда бір жыл мерзімде қайталап кәмелетке толмаған баласына  түнгі уақытта қоғамдық орында заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

29/05/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған азаматтық істер» тақырыбында  брифинг өтті.

Жеңгетайлықпен айналысқан азаматшаға пробациялық бақылау орнатылды

29/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азаматша Б-ның саунада әкімші қызметін атқарып жүріп, жеңгетайлықпен шұғылданып саунаға келген азаматтарға жеңіл жүрісті әйелдердің қызметін көрсету үшін тапсырыс беріп, ол үшін 3000 теңге алып отырғаны анықталды.

Сөйтіп, сотталушы Б. сауна әкімшісі қызметін пайдаланып, пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасаған.

Қызылорда облысы соттарының ұжымы шағын футбол мен волейболдан 3 орынды иеленді

29/05/2017

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Динамо» спорт кешенінде құқық қорғау органдары арасында шағын футбол мен волейболдан турнир өтті.

Спорттық шара ішкі істер органдарының зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне өткізілді.

Аталмыш турнирге Қызылорда облысы соттарының ұжымы, құқық қорғау органдары, ішкі істер органдары ардагерлерінің құрама командалары қатысты.  

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/05/2017

Талапкер «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 6 491 611 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сотта тараптар судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.