Архив событий

05/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының әйелдер қауымы ұжымның ер-азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

05/05/2017

Бүгін Қызылорда қаласының №2 сотының әйелдер қауымы ұжымның ер-азаматтарын Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар күнімен құттықтады.

Соттың кеңсе меңгерушісі Мадина Жүсіпбекова Отан қорғаушылар күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып табылатынын, бұл мереке жыл сайын 7 мамырда аталып өтілетінін айтты. Одан кейін әйелдер құрамы ер-азаматтарды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларына береке, қызметтеріне абырой, табыс және сәттілік тілеп, сый-сияпаттарын табыстады.

Шиелі аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім аясында тоқтатылды

05/05/2017

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Сот ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

05/05/2017

 Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді.

9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

05/05/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова судьялармен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру тақырыбында жедел кеңес өткізді.

«Гендерлік саясат: әйелдердің қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

05/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Гендерлік саясат: әйелдердің қоғамдағы орны»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысына  сот төрағасы  мен  судьялар қатысты.

Іс-шараны сот төрағасы Абу Айбек ашып, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келетінін айтып өтті.

Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

05/05/2017

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы З-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Сотталушы З. автокөлікті басқаруға құқығы болмаса да, қайталап автокөлікті масаң күйінде басқарған.

Сот сотталушы З-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, көлік басқаруға байланысты белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Заң түнгі уақытта алкоголь өнімін сатуға тыйым салады

05/05/2017

Арал аудандық сотында азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – барша мемлекеттік қызметкерлерге ортақ міндет

05/05/2017

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі адамзат тарихымен бірге жасап келеді. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік биліктің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіріп, елдің дамуына кері әсерін тигізетін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін, кез-келген мемлекетті күшейтетін өте қауіпті құбылыс. Сондықтан да дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер сыбайлас жемқорлықпен шамасы келгенінше күресуде.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

05/05/2017

Мас күйінде көлік жүргізіп өзінің де, өзгенің де өмірі мен денсаулығына қауіп төндірушілерден қоғамға келетін зиян да өте жоғары.

Еліміздің құқық қорғау органдары бұл салада көптеген жұмыстар жүргізіп жатқанымен мас күйінде көлік жүргізу оқиғалары әлі де азаяр емес.

Жыл басынан бастап осындай құқық бұзушылығы үшін 20 азаматқа қатысты әкімшілік іс Сырдария аудандық сотында қаралып, құқық бұзушылардың дені көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/05/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, аудандық ішкі істер бөлімімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның 20 бабына сәйкес, азамат А-ға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылған, алайда ол өз үйінде жанжал шығарып, анасына балағат сөздер айтып, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.   

Сот қаулысымен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

05/05/2017

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Құқық бұзушы Ж. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, автокөлігін басқарып келе жатып, ауылдық округке қарасты саябақтың қоршауына соғып, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушының  әрекеті өзінің мойындауымен қатар,  жол - көлік оқиғасының сызбасымен  және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденіп бекітілді.