Архив событий

10/05/2017

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

10/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қызметкерлері арасында сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио- бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары тақырыбында семинар өткізілді.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

10/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Е. есірткі затының бір бөлігін шегу арқылы қолданып, қалған жалпы салмағы 10.6 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өзімен бірге заңсыз сақтаған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің полиция қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында сотталушы Е. тоқтатылып, жеке тексеру кезінде сотталушының күртесінің оң жақ қалтасынан есірткі заты кептірілген марихуана табылған.

Қоғамдық орынға масаң күйде келгені үшін жауаптылыққа тартылды

10/05/2017

Қазалы аудандық сотында  азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы С., Әйтеке би кенті Сүлейменов көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің жанына адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, осы әрекеттерді әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылғанына қарамастан қайталап жасаған.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

10/05/2017

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 6 600 000 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына  сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың татуласу келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Құқық бұзушылыққа жол бергені үшін айыппұл жазасына кесілді

10/05/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азамат  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ж. қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл салынды.

Қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды

10/05/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Н-ға қатысты қылмыстық терiс қылық нысанындағы іс қаралды.

Сотталушы Н.  өзінің басқаруындағы автокөлігімен тас жолы бойында жолдан шығып кетіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жол жүрісі қағидаларының 10.1 тармағының талабын бұзып, жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде автокөлік ішінде болған жолаушы Б-ға абайсызда денсаулығына  ауырлығы орташа зиян келген.

Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда облысы соттарының судьялары тағзым саябағына тал көшеттерін отырғызды

10/05/2017

Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда облысы соттарының судьялары тағзым саябағына тал көшеттерін отырғызды.

Мұнан соң, судьялар Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, алаңдағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Артур Наримов мереке құрметіне өткізіліп отырған көгалдандыру шарасының ары қарай жалғасын табатынын жеткізді. 

Дәл осы күні судьялар Ұлы Отан Соғысының ардагері Үсейн Ысқақовтың үйіне мерекесімен құттықтай барды.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

10/05/2017

2017 жылдың 10 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/05/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда қалалық сотының атқару парағына сәйкес борышкер Н-дан талап қоюшы О-ның пайдасына 1 500 000 теңге және мемлекет баж 15 000 теңге өндірілу қажет, алайда құқық бұзушы Н. бүгінгі күнге дейін аталған сот актісін орындамаған. Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушы оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа негізінен қарауға жолдаған.

Қалалық сотта семинар сабағы өтті

10/05/2017

Қызылорда қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың негізгі принциптері» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға қалалық соттың кеңсе меңгерушісі мен кеңсе мамандары қатысты.

Қалалық соттың сот приставы О.Хабиев «Сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың негізгі принциптері» тақырыбында баяндама оқыды.

Семинарға қатысушылар жұмыс барысында туындайтын сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты. 

Заем шарты бойынша несие қарызы өндірілді

10/05/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы «А» ЖШС-нің жауапкер О-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «А» ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, несие алушы тарапынан шағын несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер О-дан 17.11.2015 жылғы шағын несие шарты бойынша 264 493 теңге несие қарызын өндіруді сұраған.